БҰҰ: тәліптер Ауғанстанның ондаған шенеунігі мен әскериін өлтірді

Ауғанстанда «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған лаңкестік қозғалыс) билікке келгелі ондаған бұрынғы ауған шенеунігі, қауіпсіздік күш пен халықаралық әскери топтармен байланыстағы адамдар өлтірілді деген болжам бар. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жасаған баяндамасында айтқанын Reuters агенттігі хабарлады. 

Бұл жағдай шетел әскерлері елден шығарылғаннан кейін болуы мүмкін. Баяндамаға сәйкес, 15 тамыздан бастап жүзден астам адам қаза тапты, олардың үштен екісі — талибандар мен олардың жақтастары. Бұған қоса БҰҰ баяндамадағы деректерді сенімді дереккөзден алғанын ескертті.

Сонымен қатар, баяндамада «Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобына қатысы бар деп күдікке ілінген кем дегенде 50 адамның сотсыз өлім жазасына кесілгені туралы айтылады.

Сонымен бірге, БҰҰ баяндамасында “Талибан” билікке келгелі Ауғанстанда экономикалық және гуманитарлық дағдарыс, құқық қорғаушылар мен журналистерге жасалған шабуыл, қорқыту, қудалау, негізсіз қамауға алу секілді қысым көрсету әлі де жалғасып жатқаны жазылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz