Bellingcat және The Insider Ресейде “жағымсыз ұйым” деп танылды

Ресей Бас прокуратурасы Bellingcat және The Insider медиасын жағымсыз ұйымдардың қатарына қосты. Енді ресейліктерге бұл ұйымдармен жұмыс жасауға тыйым салынады. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Bellingcat былтыр қазаннан бері Ресейде “шетел агенті” деп танылған. Мұндай тізімге The Insider сайты биыл шілдеде енгізілді. Бұған дейін мұндай статус медиаға жиі берілмеген.

Ресей Бас прокуратурасы “жағымсыз ұйымдардың” қатарына “шетелдік агент” деп танылған Bellingcat Ltd (Ұлыбритания), Stichting Bellingcat (Нидерланды) және The Insider сайтын (Латвия) енгізді. Сонымен қатар, Орталық және Шығыс Еуропаның құқықтық бастама институты (CEELI Institute) (Чехия) “жағымсыз ұйым” деп танылды.

Прокуратура бұл ұйымдардың жұмысын “Ресейдің конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді” деп санайды.

Контекст

  • Ресей Украинаға басып кіргелі Ресейде азаматтық қоғам мен тәуелсіз медиаға қысым көбейді. 24 ақпаннан бері «Роскомнадзор» 181 медианы бұғаттаған, бұдан бөлек 21 редакция жұмысын толық немесе уақытша тоқтатқан. Ал 11 медиа Ресей-Украина соғысы туралы жазуды тоқтатқан.
  • Құқық қорғаушылардың дерегінше, Ресей Украинаға басып кіргелі 101 ресейлік журналист кәсіби қызметі немесе соғысқа қарсы ұстанымы үшін зардап шекті. Бұдан бөлек 1 маусымға дейін РФ Қарулы Күштері мен мемлекеттік органдары туралы «фейк тарату» жаңа бабы бойынша журналистерге қарсы кемінде он іс қозғалған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz