Beeline абоненттердің тыңдалатынын жоққа шығарды

Жақында ТикТок желісінің қолданушылары “қазақстандық Beeline операторы абоненттерді тыңдайды” деген хабарлама таратты. Beeline компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Компания абоненттері телефонмен сөйлескенде тыңдалмайды. Beeline өзінің іскерлік беделін қорғау үшін барлық заңды құралдарды қолдануға, оның ішінде жарияланған жалған ақпаратты теріске шығаруды талап етуге құқылы.

Beeline компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, фейк таратушылар “Хабардар бол” тарифтік жоспары туралы ақпаратты бұрмалаған. Компания мәліметінше, тариф сипаттамасы барлық операторларға тән қызмет.

Оның ерекшелігі, пайдаланушылар ұшақта, метрода болғанда не телефон өшірулі кезде өзін іздегенін біліп, дереу кері қоңырау шала алады. Бұл қызметті *110*016# командасы арқылы өшіре аласыз.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz