Алматыда «20 000 сылтау» деген жазуы бар плакат ілінді

2 тамызға қараған түні Алматыдағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратында «20 000 сылтау» деген жазуы бар плакат ілінді. Бұл туралы Masa.Media хабарлады.

Бұдан бөлек, плакатта #ЖаңаҚазақстан және #Қандықаңтар хэштегтері тұр.

Masa.Media жазуынша, плакатта Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасалған. Қаңтар трагедиясы кезінде президент Алматыда “20 мың лаңкес болғанын” мәлімдеген. Кейін хабарлама өшірілген.

Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін журналистердің “Қаңтар оқиғасына” қатысты сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, “құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары бүкіл елге қатысты көрсеткіш ретінде 20 мың лаңкес туралы деректі келтірген”.

Контекст

  • Бас прокуратура дерегіне сай, “Қаңтар оқиғасы” кезіндегі тәртіпсіздікке қатысқан 286 күдікті қазір қамауда отыр.
  • “Қаңтар оқиғасында” жаппай тәртіпсіздікке қатысты, ұрлық жасады, тонады, қаруды сақтады және алып жүрді деген айыппен 717 адам сотталған.
  • Осы кезде ұрланған 2 мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz