Қаңтар қырғыны: құқық қорғау органының 29 өкілі күдікке ілінді

Қаңтар қырғынына байланысты қылмыстық істер бойынша құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтің 29 өкілі күдікті деп танылды. Бұл туралы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Қилымжановтың сөзінше, Алматы және Талдықорған қалаларында тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілерімен 8 полиция органы қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

29 күдіктінің сегізінің ісі сотта. 20-сы іс материалымен танысып жатыр, ал қалған бір күдікті тергеліп жатыр.

Елдос Қилымжанов, Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары
Factcheck.kz