Қаңтар қырғыны: қоғам ескертусіз оқ атуға қарсы және биліктің ресми ақпаратына сенбейді

Қаңтар қырғынына қатысты сауалнамаға қатысқан қазақстандықтың басым бөлігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ескертусіз оқ ату бұйрығын қолдамайды. Бұл туралы Demoscope мәлімдеді.

2022 жылғы 29 желтоқсан мен 2023 жылғы 14 қаңтар аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жүргізу бюросы PaperLab зерттеу орталығымен бірлесіп, азаматтар арасында «Қазақстандықтардың қаңтар оқиғасына көзқарасы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Оған 1 047 адам қатысты.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 71,1%-і Тоқаевтың ереуілге шыққандарға ескертусіз оқ ату туралы бұйрығын қолдамайды. Ал 11,3%-і, керісінше, дұрыс шешім деп ойлайды. 11,1%-і жауап беруге қиналса, 6,5%-інің бұл туралы мүлдем хабары жоқ.

Қазақстандықтың 71,6%-і азаптауға қарсы. 7,1% азамат бұл әрекетті қолдап, ақтап алуға тырысса, 12,5%-ы сұраққа жауап бере алмаған. 8,8%-і ештеңе білмейтінін жеткізді.

Қоғам пікірінің негізгі көрсеткіші – Қаңтар оқиғасына қатысты ресми дереккөздер таратқан ақпаратқа халықтың сенімі. Ал қазақстандықтың жартысынан көбі (53%) биліктің дерегіне сенбейді. Олардың 30,8%-і мүлдем сенбеймін десе, 22,2%-і “сеніңкіремеймін” деп жауап берген. Ал азаматтардың үштен біріне жуығы (29,6%), керісінше, ресми ақпаратқа иланған. Олардың 13,7%-і толықтай сенемін десе, 15,9%-і сенетін сияқтымын деп дүдәмал жауап берген.

Қазақстандықтың үштен бірінен көбі (37,9%) бұл – кейбір саяси күштердің елдегі билікті басып алу үшін ұйымдастырған провакациясы екеніне сенімді. 27,7%-і оны кей жерлерде тәртіпсіздік пен тонауға ұласқан бейбіт қарсылық шарасы деп есептейді. 14,6% азамат елге жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан лаңкестер шабуыл жасады десе, 3,8%-і оқиғаның себебі басқа деп ойлайды. 15,9% тұрғын жауап беруге қиналған.

  • Қаңтар қырғыны: қоғам ескертусіз оқ атуға қарсы және биліктің ресми ақпаратына сенбейді

Бюроның мәлімдеуінше, жағдайды реттеу үшін билік көп жерде халықты күшпен тарату әдісін қолданды. Ол, керісінше, ереуілге шыққандардың қарсылығы мен наразылығын күшейтіп жіберді. Десе де, сауалнамаға қатысқандардың 42,2%-і қарсылықты күшпен басу орынды деп есептейді. Ал 36,8% респондент — күш қолдануға қарсы. 

Тоқаевтың ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) әскерін кіргізу шешімі де резонанс тудырды. Сауалнамаға сенсек, қазақстандықтың көбі президенттің қадамын мақұлдамаған. Сауалнама қатысушыларының 43,6%-і ҰҚШҰ контингентін кіргізуін қолдамаса, 36,8%-і бұл шешімді дұрыс деп тапқан.

Кей қалада жанжалды реттеу үшін әкімдер халық алдына шығып, келіссөз жүргізбек болды. Респонденттерді көбі (64,8%) мұны дұрыс деп есептейді. Керісінше, 14,6%-іне мұндай қадам жөнсіз көрінген.

Сонымен қатар Алматы мен Астанадағы тәртіпсіздіктерді басу үшін билік толығымен интернетті өшіріп тастады. Бұл азаматтардың болып жатқан оқиға туралы ақпарат алуын шектеді. Интернетті өшіруге қатысты азаматтардың пікірі екіге жарылған – қазақстандықтардың 44%-і толық шатдаунды мақұлдамаса, 43,2%-і қолдайды.

Сонымен қатар DEMOSCOPE сауалнама аясында Қаңтар оқиғасын бастан өткерген азаматтардың оқиғаны эмоционал қабылдауына талдау жасады.

Азаматтардың үштен бір бөлігіне жуығы (28,4%) қаңтардағы қарсылықтың қанды оқиғаға ұласуына ең әуелі мемлекеттің жоғары басшылығы (президент пен президент әкімшілігі) жауапты деп есептейді. Ал 21,3%-і трагедияға “азаматтардың өзі кінәлі” деген пікірді айтты. 11,3%-і құқық қорғау органдарын кінәласа, 5,2%-і жергілікті әкімдерді айыптайды. 10,5%-і оқиғаның себебі басқада деп есептейді.

Респонденттің көбі (39,3%) Қаңтар қырғынынан соң айтарлықтай өзгеріс байқамаған, бірақ болатынына сенеді. Сол шамадағы азаматтар (24,6%) оң өзгерістер анық көрініп тұр деп жауап берді. 6,5%-і жағдайдың бұрынғыдан да нашарлап кеткеніне сенімді.

Бюро мамандары сауалнамаға қатысқандардан Қаңтар қырғыны секілді оқиғалар болашақта қайталануы мүмкін бе деген қорытынды әрі маңызды сұрақтардың бірі қойылды. Респонденттің 31%-і мұндай оқиғаның қайталану мүмкіндігі 50/50 деген пікір айтты. 36%-і қайталану мүмкіндігі өте төмен десе, 13,7%-і, керісінше, оқиғаның қайталану қаупі жоғары деп ойлайды.

Сауалнама нәтижелері қазақстандықтың жартысынан көбі ресми ақпаратқа сенбейтінін және қайғылы оқиғаға жоғарғы билік пен құқық қорғау органдарын кінәлайтынын көрсетті. Қоғам ескертусіз оқ ату мен ұсталғандарды азаптауға қарсы. Оқиғаға бір жыл өтсе де қазақстандықтар еске алғанда әлі де қорқыныш, уайым, аяныш пен үрей сезеді.

DEMOSCOPE бюросы
Factcheck.kz