ШЫНДЫҚ | Сағадиев: Қазақстанға бір миллион жоғары білімді азамат керек

Қазақстанда бүгінгі таңда жоғары білімді азаматтардың жұмыс істеуге қабілетті халықтың пайыздық үлесіне шаққандағы көрсеткіші – 36%. 50%-ға жету үшін тағы бір миллион адам керек.

2017 жылғы 12 сәуір күні өткен «Қазақстан ғылымы 3.0 модернизация жағдайында» атты форумда жоғары білім беруге қатысты мәселелерді талқыға салған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев көптеген елдердің жоғары білімді азаматтардың санын жұмыс істеуге қабілетті халықтың 50 пайыздық үлесіне дейін жеткізуді мақсат тұтатынын, Қазақстан да осы көрсеткішке ұмтылуы керек екенін айтты.

Үкім: Шындық

Сағадиев келтірген деректер шындыққа сәйкес келеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2016 жылдың 4-тоқсанында жоғары білімі бар, жұмыс істейтін халықтың үлес салмағы 35,7% немесе 3 050 100 адам болған. 50 пайыздық көрсеткішке қол жеткізу үшін бізге шынында да жұмыс істейтін 1 221 748 жоғары білімді маман керек.

Виктория Ли
Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Пікір қалдыру