Facebook, Microsoft және Google Канададағы фейк жаңалықтармен күреседі

The Star сайтының хабарлауынша өткен дүйсенбі Facebook, Microsoft және Google компаниялары Демократиялық институттар министрі Карина Гулд жариялаған әділ сайлау жайлы “декларацияға” қол қойды.  

Құжат интернет-компанияларды жалған ақпарат пен фейк жаңалықтармен, жалған аккаунтармен күресу шараларын күшейтуді міндеттейді.

Сәуір айында Гулд журналистерге Facebook сынды әлеуметтік желілердің және Google сияқты интернет-алыптардың өздігінен реттелу жұмыстары сәтсіз аяқталғанын хабарлады. Бірақ ол үкімет қоғамның күшіне сенетіні жайлы мәлімдеме жасады. Журналистерге берген сұхбатында Гулд:

«Менің ойымша мәселеге канадалық қоғам мен БАҚ-тардың, саяси партиялардың қызығушылығы қысқа уақыт аралығында бұл платформаларды жауапкершілікке шақыра алады» деп хабарлады.  

«Әрине сайлаудан соң оның өткізілу деңгейін бағалаймыз. Егер қатаң шаралар қолдану керек болса, оларды қарастырамыз»

Гулд Оттавада өткен деректер, құпиялылық және демократия жөніндегі Халықаралық комитеттің тыңдауының алғашқы күні сөз сөйледі.

Тоғыз мемлекеттен тұратын комитет өткен жылы Facebook-те Cambridge Analytica жанжалынан соң құрылды. Комитет бүгінгі күнде технология және  әлеуметтік желілер саласының алыптарының рөлін зерттеуге көп көңіл бөледі.   

Бір апта бұрын Facebook, Google және Twitter Еурокомиссиядан сөгіс алды деп хабарлаған едік. Ұйым өкілдерінің айтуы бойынша компаниялар Еуропарламентке сайлау науқаны кезінде таралған фейк жаңалықтармен күресу үшін жеткілікті шара қолданбады.

 

Factcheck.kz