Facebook, Google және Twitter фейк үшін Еурокомиссиядан сөгіс алды

Facebook, Google және Twitter Еурокомиссиядан сөгіс алды. Ұйым өкілдерінің айтуы бойынша компаниялар фейк жаңалықтармен күресу үшін жеткілікті шара қолданбады. Еуропарламент сайлау науқаны кезінде тараған жалған ақпаратпен күресу уәдесі жеті айдан соң да орындалмады деп хабарлады Reuters.  

Өткен жылдың қазан айында алып компаниялар Еуроодақтың қатаң ережелерінен қашу үшін өз еркімен фейк жаңалықтармен күресу шешімін қабылдады. Еуро парламентіне сайлау Еуро одаққа мүше 28 мемлекетте 23-26 мамырда өтеді.

ЕО өкілі сәуір айында берген есебінде Facebook, Google және Twitter компанияларының жалған ақпаратпен күресу үшін қолданған шаралары нәтижесіз екенін мәлімдеді.

Сандық технологиялар комиссиясының жетекшісі Андрус Ансип, әділет комиссары Вера Джурова, қауіпсіздік жөніндегі комисса Джулиан Кинг және сандық экономика комиссары Мария Габриэль бірлескен есебінде  «ұсылынған деректерде компаниялар ұстанатын саясат қаншалықты ЕО-да жалған ақпараттың таралауын азайтқаны жөнінде тәуелсіз және нақты баға жоқ» деп хабарлады.  

Соңғы уақытта жалған ақпаратпен күресу алып мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Кейде компаниялар фейк жаңалықты анықтау оңай болу үшін қосымшасына түрлі механизмдер енгізеді.

Factcheck.kz