Желтоқсанның аяғында Қазақстанда 50 градус аяз бола ма?

Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде желтоқсанның аяғында Ақмола облысында қатты аяз болатыны туралы хабарламаны жарыса таратып жатыр. Компьютер экранынан түсірілген электронды құжат фотосында 26-28 желтоқсан күндері облыста 44-50 градус аяз болуы мүмкін екені көрсетілген. 

Желтоқсанның аяғында Қазақстанда 50 градус аяз бола ма?

Әлеуметтік желілерде фотоның Семейге қатысты екені де айтылып жатыр. 

Желтоқсанның аяғында Қазақстанда 50 градус аяз бола ма?

Factcheck.kz редакциясы оқырмандардың өтініші бойынша фотодағы электронды құжаттың Қазақстанға қатысы бар-жоғын зерттеп көрді. 

Үкім: Фейк

Шын мәнінде, құжаттың Ақмола облысына да, Семей қаласына да, жалпы, Қазақстанға еш қатысы жоқ. Хабарламадағы «МБУ ЕДДС ПГО» аббревиатурасы «Полысаев қалалық округының Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі муниципалды бюджетті мекемесі» дегеннен қысқартылған. Бұл округ Кемерово облысында орналасқан. Құжат шын болған күннің өзінде, ондағы болжам Ресей облыстарына қатысты жасалған. Бірақ ашық дереккөздерде ол туралы ақпарат жоқ. 

Бір анығы, сурет биыл түсірілмеген. Хабарлама Ресейдің әртүрлі өңірлерінде 2020, 2021жылдары да тараған (123). Жуырда оны Новосібір тұрғындары да тарата бастаған

Жалған ақпарат құрбанына айналмас үшін не істеуге болатынын еске саламыз: 

  • Мессенджер арқылы келген видео мен фотоны таратуға асықпаңыз. 
  • Таратылған хабарламаның детальдарына мән беріңіз: бәрі ақылға қонымды ма? Қарама-қайшылық жоқ па?
  • Эмоцияға толы сөздер, хабарламаны басқаларға тарату туралы өтініш, хабарламаның «жиі жіберілетін» санатта болуы қызыл белгі.
  • Желіден хабарлама туралы ақпарат табуға тырысыңыз (мәтіннің бір бөлігін іздеу жүйесіне енгізіңіз).
  • Хабарламадағы фактілерді ресми деректермен салыстырыңыз.
  • Хабарламаны тексере алмасаңыз, бізге хабарласыңыз. Біз міндетті түрде көмектесуге тырысамыз. 

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz