Йемен Израильге соғыс жариялады ма?

31 қазанда желіде Йеменнің Израильге соғыс жариялағаны туралы жаңалық тарап кетті. Ақпарат баспасөз құралдарында да (ТengrinewsЦарьградПравда.руНовые известия), Instagram (novosti.karagandakazpress.kz) пабликтерінде де, Telegram-арналар (1, 234) мен Х (1234567,8910) әлеуметтік желісінде де тарады. Дереккөздерде «Йемен билігі», «ресми мәлімдеме», «Йемен қарулы күштері» секілді тіркестер қолданылған. Бригада генералы Яхья Саридің пікірі де берілген. 

Factcheck.kz редакциясы «Таяу Шығыс елі расымен Израильге соғыс жариялады ма?» деген сұрақты зерттеп көрді. 

Үкім: Манипуляция

Израильге соғысты йемендік хуситтер, яғни, елдің солтүстік-батысында билікті ұстап отырған әскери топ жариялаған. Халықаралық деңгейде мойындалған, президенттік басқару кеңесі билеп отырған Йемен билігі соғыс жарияламаған және мәлімдемеге ешқандай қатысы жоқ. 

Толығырақ 

Х әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында Яхья Сари расымен соғыс бастайтынын және Израильге баллистикалық зымырандар мен дрондар ұшыратынын мәлімдеген. Әскеридің парақшасында оның Йемен Қарулы күштерінің ресми спикері екені жазылған. Бірақ шын мәнінде олай емес. Йеменде азаматтық соғыс (12) жүріп жатқанына біршама уақыт болды. Соның кесірінен мемлекет екіге бөлінген. Яхья Сари Йемен билігі үшін күресіп жатқан, «Ансар Аллах» деген атпен танылған хуситтер тобының өкілі. 

«Ансар Аллах» — Йеменде 1990 жылы пайда болған хуситтер қозғалысы. 2004 жылдан бастап Йемен билігімен күресіп келеді. 2014 жылы олар мемлекет астанасы Сана қаласын, сонымен қатар мемлекеттің солтүстігін басып алған. «Ансар Аллах» қозғалысын Иран мен Хезболла қолдап отыр деп бірнеше мәрте айтылды, бірақ олар бұл деректі жоққа шығарып келеді. Reuters басылымы, йемендік хуситтердің «Қарсыласу осі» атты Иран қозғалысына қатысы барын жазады. Журналистер бұл қозғалыстың Израиль мен ХАМАС қақтығысында белсенділік танытып отырғанын байқаған. 

30 қазандағы жағдай бойынша «Ансар Аллах» қозғалысы Йеменнің солтүстік-батыс бөлігін бақылауға алған (картада сары түспен белгіленген).

Йемен Израильге соғыс жариялады ма?
Йемен: 2023 жылғы 30 қазан күнгі жағдай бойынша бақылаудағы территориялар (дереккөз: data.humdata.org)

Десе де, жердің көп бөлігін (алқызыл түспен боялған) ресми мойындалған билік бақылайды. 

Йеменнің президент Абд-Раббу Мансур Хади бастаған ресми билігі 2014 жылдан бері қуғындалып келген. 2022 жылы Хади отставкаға кетіп, билікті Аден қаласындағы Президенттік басқарушы кеңеске тапсырған. Оны Ришад Мухаммад әл-Алими басқарады. Президенттік басқару кеңесінің мәселесі көп екені, оның ішінде Йемен жерінің тұтастығын сақтау керек пе деген сұрақты қарастырып жатқаны айтылып жүр, алайда кеңес Таяу Шығыс елінің заңды өкілі болып танылған. Адендағы саясаткерлер тобы Йеменнің Изральге соғыс жариялайтыны туралы мәлімдеме жасамаған. 

Осылайша Израильге соғысты Йемен емес, солтүстіктегі көтерілісшілер жариялаған. 

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz