Танкке дәрет сындырған баланың суреті — фейк

Баслымдар мен әлеуметтік желіде кішкентай баланың танкке дәрет сындырып тұрған фотосуреті жарияланып, оқырман тарапынан қызу талқыға түсті. Factcheck.kz фотосуреттің қашан және қайда жарияланғанын анықтады.

Танкке дәрет сындырған баланың суреті — фейк
Әлеуметтік желіде тараған сурет

Үкім: Фейк

Фотоның түпнұсқасында танктің артындағы бала мен Z белгісі жоқ. Оны грузиндік иллюстратор Нузгар Метревели қосқан. Толығырақ төменнен оқыңыз.

Толығырақ

Суреттің түпнұсқалығын талдайтын Foto Forensics деректеріне сәйкес, бала мен Z белгісі айналасынан өзгешеле. Демек, cурет өңделген.

Танкке дәрет сындырған баланың суреті — фейкТанкке дәрет сындырған баланың суреті — фейк
Фотосуретке енгізілген өзгерістердің сұлбасы

Ал фейктің тарауына себепкер болған иллюстрация авторы – суретші Нузгар Метревели. Ол Украина мен Ресей арасындағы соғыс және саяси қайраткерлер туралы иллюстрациялар жасап, туындыларын Facebook-та жариялап отырады. Аталмыш фотосурет 2022 жылдың 12 мамырында шыққан.

Фотолардың шығу тегі

Сток фотосуреттер базасының ақпаратына сай, сурет 2022 жылдың 1 наурызында репортаж үшін түсірілген. Анықтамасында мұның ресейшіл әскерилер екені, суреттің Украинаның Донецк облысы, Николаевка ауылында түсірілгені және әскерилердің айрықша белгілері жоқ екені де жазылған. Авторы — украиндық фотограф Александр Ермоченко (REUTERS фотожурналисі).

Танкке дәрет сындырған баланың суреті — фейк

Дәрет сындырып тұрған баланың суреті “Үлкен әке” (“Болшой папа”) фильмінің афишасынан алынған. Иллюстрацияда баланың үстіне киген күртесі сарыға “боялған”.

Танкке дәрет сындырған баланың суреті — фейк
“Үлкен әке” (Большой папа”) фильмінің афишасы

Нузгар Метревелидің жасаған туындылар қатарында тек танкке дәрет сындырған бала ғана емес, сонымен қатар Путиннің, Зеленскийдің де илюстрациялары бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі (2021). Әлеуметтік ғылымдар магистрі (2023). OMS (Online Media School, 2020) және OFA (Online Factcheck Academy, 2021) түлегі.

Factcheck.kz