Баслымдар мен әлеуметтік желіде кішкентай баланың танкке дәрет сындырып тұрған фотосуреті жарияланып, оқырман тарапынан қызу талқыға түсті. Factcheck.kz фотосуреттің қашан және қайда жарияланғанын анықтады.

Үкім: Фейк
Фотоның түпнұсқасында танктің артындағы бала мен Z белгісі жоқ. Оны грузиндік иллюстратор Нузгар Метревели қосқан. Толығырақ төменнен оқыңыз.
Толығырақ
Суреттің түпнұсқалығын талдайтын Foto Forensics деректеріне сәйкес, бала мен Z белгісі айналасынан өзгешеле. Демек, cурет өңделген.


Ал фейктің тарауына себепкер болған иллюстрация авторы – суретші Нузгар Метревели. Ол Украина мен Ресей арасындағы соғыс және саяси қайраткерлер туралы иллюстрациялар жасап, туындыларын Facebook-та жариялап отырады. Аталмыш фотосурет 2022 жылдың 12 мамырында шыққан.
Фотолардың шығу тегі
Сток фотосуреттер базасының ақпаратына сай, сурет 2022 жылдың 1 наурызында репортаж үшін түсірілген. Анықтамасында мұның ресейшіл әскерилер екені, суреттің Украинаның Донецк облысы, Николаевка ауылында түсірілгені және әскерилердің айрықша белгілері жоқ екені де жазылған. Авторы — украиндық фотограф Александр Ермоченко (REUTERS фотожурналисі).

Дәрет сындырып тұрған баланың суреті “Үлкен әке” (“Болшой папа”) фильмінің афишасынан алынған. Иллюстрацияда баланың үстіне киген күртесі сарыға “боялған”.

Нузгар Метревелидің жасаған туындылар қатарында тек танкке дәрет сындырған бала ғана емес, сонымен қатар Путиннің, Зеленскийдің де илюстрациялары бар.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.