Сутегі тотығы рак тудыруы мүмкін бе?

Қыркүйектің аяғында интернеттің орыс тіліндегі сегментіндегі біршама БАҚ-та (1, 2, 3, 4, 5), соның ішінде қазақстандық баспасөз құралдарында (1, 2) сутегі тотығы рак тудыруы мүмкін деген жаңалық жарияланды. Жазба материалдарында Annals of Emergency Medicine ғылыми журналында жарияланған зерттеуге сілтеме жасаған материалда көп мөлшерде сутегі тотығын тұтыну рак клеткаларының артуына алып келетіні айтылған.

Factcheck.kz редакциясы хабарламаның рас-өтірігін тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Сутегі тотығын кез келген мөлшерде ішуге болмайды. Желіде жиі сілтеме жасалатын Иван Неумывакиннің гипотезасының ғылымда дәлелі жоқ.

Сутегі тотығы туралы жаңалық хабарламаларын бірнеше мәселе бар:

  1. Айтылан ресурстардың бірқатары «ішке тұтыну» деген негізгі сөзді жазба тақырыптарына шығармай кликбейтке жүгінген.
  2. Баспасөз құралдарын жүгінген зерттеулер 2017 жылы жарияланған. Бұл жағдайда жазбаның жаңалық сипаты түсініксіз.
  3. Зерттеуде сутегі тотығын көп мөлшерде (>10%)  тұтынудың сирек жағдайлары және содан құтқару жолдары қарастырылған. Бұл деталь біз тексерген материалдардың ешбірінде айтылмаған. Ғалымдар үш проценттік сутегі тотығының кері салдары туралы айтқанымен, бұл үстіртін ғана атап өтілген және зерттеу мұндай концентрациядағы сутегі тотығының ықпалын зерттеуге арналмаған.
  4. Ғалымдар 10% сутегі тотығының ауыр салдары арасында рак клеткаларының артуы туралы айтпайды. Сондықтан баспасөз құралдарында тараған тұжырым зерттеу нәтижелерін бұрмалайды және кем дегенде дәлелденбеген. Жаңалық мақаласындағы мына үзіндігі авторлардың қайдан алғаны да белгісіз.

Толығырақ: зерттеу нәтижелері

Зерттеу желіде осы күзде ғана кең тарай бастағанымен, зерттеудің өзі 2017 жылы Америкалық жедел жәрдем дәрігерлері колледжінің Annals of Emergency Medicine ғылыми журналында жарияланған.

Зерттеу авторлары сутегі отығын ішуге қатысты зерттеу жүргізбеген. Олар АҚШ ұлттық деректер базасының деректері негізінде қорытынды жасаған.

Он жылдағы улану деректері туралы анализге сәйкес, жоғары концентрациялы сутегі тотығынан уланған 294 пациенттің 41-інен эмоболия белгілері байқалған, ал 20 адам қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған. Пациенттердің нәтижелері жылдам ем арқасында жақсарып отырған: оларға гипербарикалық оксигендік терапия көмектескен. Эндоскопия бес жағдайда ғана 3 немесе 4 деңгейлі зақымдануды анықтаған.

Сутегі тотығын іше ме?

3% сутегі тотығының ерітіндісі үйдегі таптырмас дәрі-дәрмектердің бірі. Дезинфекциялық қасиетінің арқасында оны көбіне жараны өңдеуге, ауыз қуысын шаюға қолданады. Сондай-ақ ол жаралардың жазылуын жылдамдата алады деген пікірді медицина қызметкерлері мен ғалымдар жоққа шығарады. Шын мәнінде сутегі тотығын қолдану оны бәсеңдетуі мүмкін (1, 2, 3), себебі бактерияларды жоюдан бөлек ерітінді жараға жақын тері бөлшектерін де зақымдайды. Жараны тазалаудың ең тиімді жолы ретінде дәрігерлер жай су мен сабынды атайды. Жара терең болса, өз бетіңмен емдеу мүмкін болмаса, маманға жүгіну ұсынылады.

Сутегі тотығының жоғары концентрациясы (6-10%) шашқа арналған ағарту құралдарында, тіс пасталарында, ауыз қуысын шаюға арналған сұйықтықтарда және басқаларында қолданылады. Одан да жоғары концентрация ағартқыш, қышқылдатқыш, катализатор ретінде қолданылады.

Ерітіндімен жараны өңдеудің бір жағымды әсері болса, онда оны ішуді мүлдем ақтауға келмейді және мамандар ондай кеңес бермейді. Салдардың маңызы сутегі тотығының концентрациясы мен көлеміне байланысты болады. Медициналық сұйықтықтың кішігірім мөлшердің өзінде ішке түсуі жүрек айну, құсу, ауыз қуысыны, тамақ пен асқазанның тітіркенуі, іш ауруына алып келуі мүмкін (1, 2, 3). Оны көп мөлшерде тұтыну тыныс алуды қиындатып, кеуденің ауырсынып, ішкі ағзалардың күйіп, естен тануға, тіпті, өлімге алып келуі мүмкін. Егер сіз кездейсоқ сутегі тотығын ішіп қойсаңыз, бірден дәрігер көмегіне жүгініңіз.

Журналистка, фактчекерка. Изучает филологию и полиязычное образование в КазНПУ им. Абая.

Factcheck.kz