Қазақстандағы 75%-тен астам жер аумағында топырақтың тозуы байқала ма?

8 қаңтарда өткен сенаттың жалпы отырысында сенат депутаты Рүстемов Руслан қазақстандағы топырақтың тозуы туралы мәлімдеме келтірді. Депутаттың айтуы бойынша Қызылордадағы суармалы жердің өте күшті тұзданған аумағы 16%-ке ұлғайнған. Осы және депутат айтқан өзге де мәлімдемелерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

Депутаттың мәлімдемесі (тайм-код: 1:23:01)

Мәлімдеме: Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша 75%-дан астам жер аумағында топырақтың тозуы байқалады және жағдай күрделене түсуде.

Сенат депутаты Рустемов Руслан

Үкім: Шындыққа жақын

БҰҰ-ның 2023 жылғы зерттеуінде Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігіне сілтеп, ел аумағының 70%-і деградацияға ұшырағанын жазды

Жалпы жердің сапалық сипаттамасының деректері бойынша эрозияланған және эрозиялық қауіпті 90 млн гектардан астам жер есепке алынған, оның ішінде нақты эрозияланғаны – 29,3 млн га. Соңғы деректерге сәйкес, яғни 2022 жылғы ақпарат бойынша Қазақстанда 213 702,6 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабы бар. Бұл деректі ұлттық статистика бюросы да, ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитеті де растайды. Осы аумақтың 29 320,1 мың гектар топырақ тозған. 4 950,3 мың гектары су эрозиясына, 24 168,1 мың гектары жел эрозиясына және 201,7 мың гектар аумақ су мен жел эрозиясына қатар ұшыраған.

Мәлімдеме: Бүгінгі таңда Қызылорда облысында суармалы жерлердің 22,1% күшті және өте күшті тұзданған болса, 33,6% орташа, 44,4% әлсіз тұзданған. Күшті және өте күшті тұзданған суармалы жер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 16% ұлғайған.

Сенат депутаты Рустемов Руслан

Үкім: Шындыққа жақын

Ауыл шаруашылығы министрлігінің редакцияға берген жауабына сай, кейінгі дерек, яғни 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында суармалы жер көлемі 268 016 га болған. Оның 46,2%-і (123 906 га) әлсіз тұзданған, 35,9%-і (96 190 га) орташа тұзданған, 17,9%-і (47 920) га күшті және өте күшті тұзданған.

Ал, қызылорда облысындағы күшті және өте күшті тұзданған суармалы жер көлемі 2021 жылы 50 040 га болса, 2022 жылы 58 532 гектарға артып, 16,9%-ке өскен.

Кейінгі 5 жылда Қызылорда облысында суармалы жер көлемі артып келеді.

e.-d.-bajabergenge-1

Factcheck.kz