Google кеңсесінде Украинаға ақша табуды өтінетін проекция пайда болды ма?

17 қазанда БАҚ пен әлеуметтік желілерде Нью-Йорктегі Google кеңсесі таспаланған 6 секундтық видео тарай бастады. Онда проекцияда екі тіркес — “Find funds for Ukraine!” және “Stand with Ukraine!” деп жазылған, яғни “Украинаға ақша табыңыздар!” және “Украинаны қолдаңыз” немесе “Украинамен бірге болыңыз” мағынасын білдіреді. Роликті таратқан дереккөздердің бірі Украина ұмытылып, барлық қаржы Палестина мен Израильге аударылып кететінінен қорқады. Екіншілері украиналықтарға “қанша көмектессең де аз” деп ызаланған, ал үшінші тарап Google компаниясының жылдық табысын атап өтіп, корпорация тек жазба арқылы көмектесуді шешкенін күлкіге айналдырған.

Хабарламаларды Telegram-арналардан (Кот Костян — официальный канал, БайБайден, Царьград ТВ, Александр Семченко, РИТА ЭБЗЕЕВА, Open Ukraine | Открытая Украина, W.T.F. News, СВЕЖЕСТИ, Бабка знаёт всё, Military Theme Z, Украина.ру, Виталий Баковец — полесский партизан), TikTok аккаунттардан (1, 2, 3), Twitter (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7), ВКонтакте (1, 2, 3), БАҚ (1, 2) және басқа да платформалардан көруге болады.

Factcheck.kz редакциясы Нью-Йорктегі Google ғимараты алдында расында осындай жазба пайда болды ма деген сұраққа жауап іздеді.

Үкім: Фейк

6 секундтық видео 2023 жылдың 3 қазанында YouTube палтформасында жарияланған Нью-Йоркке жаяу турдан кесіп алынып, проекция қосып монтаждалған. Видеоның түпнұсқасында ғимаратта ешқандай жазу көрінбейді.

Дереккөздер бір-бірінен репост жасамағанына қарамастан фейк посттардың бәрінде Google (Goolge) сөзі қате жазылған. Ресурс әкімшілері ақпаратты белгісіз дереккөзден алып, өз желісінде жариялайтын кезде тіпті бір оқып шықпаған тәрізді.

Толығырақ

Біз Нью-Йоркте деп жазылған осыған ұқсас хабарламалармен жұмыс істегенбіз (“Зеленскийге жоқ дейміз – соғысқа жоқ дейміз” баннері және “Еврейлерге көмек = ақшаны өртеу” видеожарнамасы), сол тәжірибеміздің арқасында бұл видео YouTube платформасында танымал жаяу турлардан алынғанын анықтау қиын болмады.

Бірінші кезекте бұл шынында Google кеңсесі және ол Нью-Йоркте орналасқанын тексеріп алу керек. Google Maps қызметі Google-дің екі кеңсесін тауып берді. Олар бір-біріне жақын орналасқан – 10-, 8-авеньюде. Видеодағы ғимарат 8-авеньюдегі кеңсе болып шықты.

Google кеңсесінде Украинаға ақша табуды өтінетін проекция пайда болды ма?
maps.google.com скриншоты

Осы тәріздес роликтерді тексергенде сурет бойынша кері іздеу оң нәтиже көрсетпейді, себебі іздеу жүйесі, әдетте, осы секілді фейк посттарды шығарып береді. Сондықтан біз YouTube арқылы өздігімізден, әр видеоны көре отырып іздей бастадық. Біз түсірілім Нью-Йоркте кешкі уақытта болатынын білеміз. Тағы бір маңызды дерек – видеода Google кеңсесінің алдында ағаштар тұр және оның жапырақтары бар, яғни видео жазда, көктемнің соңында немесе күздің басында түсірілген, бірақ 17 қазаннан кейін емес (посттар тараған уақыт). Оған қоса ол жерде ағаштар 2022 жылдың тамызынан кейін пайда болған (оны Google Maps-тағы көшелерді көру режиміндегі суреттер арқылы байқадық). Ал проекция болды деген күннің өзінде ол жариялым 7 қазаннан кейін, яғни Палестина мен Израиль қақтығысы ушыққан кезде ілінуі керек еді. Осы деректің бәрі іздеу алаңын нақтылай түсуге көмектеседі.

Соған қарамастан, YouTube арқылы Нью-Йоркте виртуал жаяу тур түсіретіндер өте көп. Өзімізге қажет жерді іздеп, түрлі видеоларды қарап отырғанда The NYC Walking Show арнасына кезіктік. Біз биыл қазанда осы аккаунт видеосының негізінде түсірілген бір фейкті талдадық. Google ғимаратындағы проекция туралы жалған ақпарат таратқан материал да осы жерден алынған болып шықты. 3 қазанда (UTC +6) канал авторы тікелей эфир жүргізіп, біткеннен кейін видеоны New York City LIVE Manhattan on Monday (October 2, 2023) деген атаумен сақтап қойған. Фейк жасау үшін пайдаланылған видео бөлігі 30:30 секунд кезінде басталады.

Екі видеоның сәйкестігі ап-анық (көліктердің орналасуы, адамдар, өтіп бара жатқан мотоцикл). Тек проекция ғана, шын мәнінде, жоқ екен.

Google кеңсесінде Украинаға ақша табуды өтінетін проекция пайда болды ма?
Видео түпнұсқасынан скриншот
Google кеңсесінде Украинаға ақша табуды өтінетін проекция пайда болды ма?
Монтаждалған видеодан скриншот

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz