Нью-Йоркте «Еврейлерге көмек беру ақша шашумен тең» деген видеожарнама шықты ма?

Баспасөз құралдары мен әлеуметтік желілерде Helping jews = burning money («Еврейлерге көмек = ақша шашу») және Stand with Ukraine («Украинаны қолда») (1, 2, 3, 4, 5, 6) деген жазуы бар көше жарнамасының видеосы тарап кетті. Оның Нью-Йоркте шыққаны, контентке украиндар, Украина шенеуніктері және Владимир Зеленскийдің өзі тапсырыс бергені айтылып жүр. Төменде баннер байқалатын роликтің скриншоты және Telegram желісіндегі пост скриншоты тұр.

Factcheck.kz редакциясы мұндай жарнама расымен АҚШ көшелерінде пайда болды ма деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Үкім: Фейк

8 секундтқа созылатын видео шын мәнінде Нью-Йоркқа жасалатын виртуалды жаяу турдан қиып алынған. Ол желіге 2023 жылғы 23 тамызда жарияланған және фейк баннер салынып редакцияланған. Видеоның түпнұсқасында экранда басқа бейнежарнама шығады.

Толығырақ

Негізінен видео желінің орыс тіліндегі сегменте (1, 2, 3, 4), сонымен қатар Кремль пропагандасын насихаттайтын шет тілде шығатын әлеуметтік желілердің аккаунттарында (1, 2) жарияланған.  Одан бөлек, оны VOBLYA, Царьград ТВ, КУЧЕРА, ZERGULIO, Шейх Тамир, Кот Костян — ресми канал, ТалипоV Online Z, Саня во Флориде, Анатолий Урсида, Александр Семченко секілді каналдар да салған. Осы ресурстардың өзінде постты 1 миллионнан астам рет қараған. Видео LiveJournal (1, 2, 3), YouTube (1, 2, 3) платформаларында да кездеседі. Фейк хабарламаны пропагандалық сипаттағы жаңалық порталдары да жариялаған (1, 2). Посттардың көбі 13-15 қазанда шыққан, алайда ертерек шыққан жазбалар да бар. Мысалы, VOBLYA Telegram-арнасы видеоны 12 қазан күні кешке шығарған.

Бұл жағдайда сурет бойынша іздеу нәтиже бермегендіктен, редакция YouTube желісінде қолмен іздеу әдісіне жүгінді. Бұған бізге тәжірибеміз бен басқа фактчекерлердің тәжірибесі көмектесті. Мұндай фейк роликтердің көбі көбіне YouTube-*те таенымал жаяу турларда (ағылш — walktour) жасалады және әрекет расымен Нью-Йоркте болғаны болжанады. Соны біліп, біз мегаполистегі жаяу турларды зерттеп шықтық. Біз қажет серуенді жылдам таптық. New York City Virtual Walking Tour — Billionaires’ Row New York City 4K Walk деп аталатын видео The NYC Walking Show деген арнада 2023 жылғы 23 тамызда жарияланған. Онда 6:03 уақытта тура сол фрагмент бар және ондағы баннерден басқасының бәрі әлеуметтік желіде тараған 8 секундтық роликтен аумайды.

Түпнұсқада экранда Монреал туралы жарнамадан соң Stand Up To Cancer ракпен күрес қайырымдылық ұйымы өткізетін іс-шараның жарнамасы шығады. Шара 19 тамызда өтуі керек болған. Ұйым сайтында ивент туралы ақпарат та бар.

Контекст

7 қазанда ХАМАС Израильге шабуыл жасады. Оған жауап ретінде Израиль контртеррористік операция жариялады. АҚШ ресми түрде Израильді қолдады. Бұл Кремль пропагандасында «ұмыт болған Украина» нарративіне негіз болды.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz