Фактчек | Депутат Исабековтың Орталық Азиядағы суды тұтыну туралы мәлімдемесі

2024 жылғы 28 ақпанда мәжілістің жалпы отырысында депутат Данабек Исабеков су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке сауал жолдады. Депутат Таяу Шығыс пен Орталық Азияға қауіп төндіретін су тапшылығы мәселесіне алаңдаған.

Исабеков «Халықаралық ұйым су тұтыну бойынша әлемде көшбасшы елге Түрікменстанды жатқызады» деп, ОА елдерінде адам басына шаққандағы текше метр су өлшемін келтірді. Оның айтуынша Түркіменстандағы су шығыны жылына адам басына шаққанда 5 319 м3, Қазақстанда — 2 345 м3, Өзбекстанда — 2 295 м3, Қырғызстанда — 1 989 м3, Тәжікстанда — 1 895 м3. Мәжілісмен Қазақстанда «суды тұтыну салыстырмалы түрде жоғары деңгейеде» екенін атап өтті.

Factcheck.kz редакциясы депутат талабының фактілерге сәйкестігін тексеруді жөн көрді. Алдымен айтылған сандарға қатысты техникалық қатеден бастайық.

Исабеков келтірген статистикада ескірген мәліметтер пайдаланылған. Мұндай көрсеткіштер желіде 2010 жылдары жарияланған (1, 2). Aquastat соңғы деректерді 2020 жылы ұсынған. Олардың айтуынша, Түркіменстанда жан басына шаққандағы судың мөлшері 4 351 м3, Қазақстанда — 1 308 м3, Өзбекстанда — 1 759 м3, Қырғызстанда — 1 174 м3, Тәжікстанда — 1 037 м3. Сондай-ақ, бұл бағалау көрсеткіштері екенін ескеру керек.

Мәлімдеме: Халықаралық ұйым [БҰҰ – ред.] Түрікменстанды су тұтыну бойынша әлемдегі көшбасшы ел деп есептейді.

Данабек Исабеков

Үкім: Жартылай шындық

Сандардағы қатеге қарамастан, Түрікменстан, ФАО-ның бағалауы бойынша, шын мәнінде жан басына шаққандағы су тұтыну бойынша әлемдегі көшбасшы ел. Алайда су жүйесіндегі жүктеме деңгейін бір параметр бойынша өлшеу өте қиын, сондықтан су тапшылығы қаупін бағалайтын халықаралық ұйымдар әртүрлі дерек ұсынады. Мәселен, жалпы суды тұтыну бойынша көшбасшы елдердің рейтиңінде Түркіменстан бірінші орында емес. Салыстыру үшін оның 2020 жылғы көрсеткіші 26,2 млрд м3, ал Үндістанда, Қытайда және АҚШ-та — 761, 581 және 444 миллиард.

Жалпы, су ресурстарына жүктеме деңгейі Тұрақты даму мақсатының көрсеткішінің бірі. Оны санау үшін ФАО экологиялық ағын талаптарын (EFR) есепке алғаннан кейін барлық негізгі секторлар мен жалпы жаңартылатын Тұщы су ресурстары (TRWR) арасындағы жалпы тұщы суды алу (TFW) формуласын қолданады.

2023 жылы ұсынылған соңғы есепте әлемдегі жаңартылатын су ресурстарына қысым қауіпсіз болып қала беретіні көрсетілген, бірақ индикатор рұқсат етілген мәннен асатын аймақтар бар. Орталық және Оңтүстік Азияда су тапшылығының жоғары деңгейі байқалады. Әлемдегі және ОА елдерінің ішінде ресурсқа ең үлкен жүктемені Өзбекстан көрсетеді (168,9).

Бір қызығы, ФАО ОА-дағы су қоры жеткілікті деп бағалаған (жан басына шаққанда 2,3 мың м3), бірақ бұл өңірде ұтымсыз пайдалану проблемасы да бар. Бұл жерде муниципалды қажеттіліктер үшін суды тұтынуды атап өтуге болады, бұл тікелей халық пен қалалық сумен жабдықтауға қатысты кәсіпорындардың шығынын көрсетеді. Орталық Азияның жүктеме деңгейі 5,4, бұл еуропалық деңгейден екі есе жоғары (2,1).

Мәлімдеме: Демек салыстырмалы түрде біздің елде суды тұтыну деңгейі жоғары.

Данабек Исабеков

Үкім: Шындық

Aquastat мәліметтері бойынша, Қазақстанда жан басына шаққандағы суды жылдық тұтыну 1 308 м3. Ел ОА-да жан басына шаққандағы суды тұтыну деңгейі бойынша үшінші орында. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш дүниежүзі бойынша жоғары деген сөз.

2020 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстандағы су тапшылығы 34,1%-ке жеткен, бұл қатерлі 25%-тен жоғары. Су ресурсына ең жоғары жүктемесі бар аймақтар тізімінде біздің ел 15-орында.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz