«БҰҰ дипломаттары Газаны бомбалауға наразылық ретінде АҚШ елшісіне теріс қарады»: видеоны тексереміз

Палестина мен Израиль арасындағы шиеленіс ушыққан сайын баспасөз құралдары мен әлеуметтік желілерде БҰҰ Комитет отырысында дипломаттар Израильдің Газа секторын бомбалауына наразылық ретінде АҚШ елшісіне теріс қарағаны айтылған видео кең тарады.

Мұндай жазуы бар видео әртүрлі орыстілді баспасөз құралдарында (Газета.ru, Московский комсомолец, Российская газета, Aftershock.news, Русское Агентство Новостей, Regnum, Ren.tv, Царьград, ZOV ДНР, Topwar, info24.ru, вРубцовске.ру, На Западе, Хибины, Политикус, Press.kz, Мрiя, 1news.az, vedomosti.az), Instagram (tv_dagestan, qarakz, mens_tw, presstvchannel), X (Sprinter, Negar, Lowkey, Ashok Swain, Iran Observer, The Cradle, ApartheidReview, Iran Nuances, Palestine Highlights, Quds News Network, и т.д., и т.п.), Telegram (Ньюсач/Двач, Скотт Риттер, Евгений Поддубный, Военкор Лисицын, Кот Костян, Узел связи, Дядя Слава, КУЧЕРА, Гагаузская республика, Павел Онищенко, АВДЕЕВКА.RU, МИХЕЕВ, UDudaka, Глобальная Авантюра) әлеуметтік желілерінде және басқа да платформаларда тарады.

Оқырмандардың өтініші бойынша Factcheck.kz редакциясы видеоны тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Видеода расымен АҚШ елшісі Мишель Тейлордың БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетінде сөйлеген сөзі бейнеленген. Алайда теріс бұрылғандар дипломаттар емес, АҚШ азаматтық белсенділері. Олар осылайша Штаттардағы адам құқықтарының бұзылуына, оның ішінде полицейлердің қаталдығына, әртүрлі топтарды алалауға, қудалауға, зорлық-зомбылыққа және т.б. қарсы шыққан. Кей белсенділер АҚШ-тың Газа секторындағы адамдардың өлімін тоқтатуға қабілетсіз екенін атап өткен.

Бір қызығы, жаңалықты жариялаған көптеген ресурс, оның ішінде баспасөз құралдары дереккөз ретінде Reuters агенттігін көрсеткен. Алайда Reuters сайтында ондай ақпарат шықпаған.

Толығырақ

18 қазанда Америка Құрама Штаттарының адам құқықтары жөніндегі есебінің (кейінгі тоғыз жылдағы алғашқы) екі күндік тыңдалымының аяғында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетте сессияға қатысқан ондаған азаматтық белсенді орнынан тұрып, АҚШ-тың адам құқықтары саласындағы проблемаларға жөнді реакция білдірмегеніне наразылық ретінде теріс қарап тұрып алды. Сөзін аяқтаған Мишель Тейлордың акция кезіндегі сөзін Женевадағы халықаралық ұйымдардағы АҚШ миссиясы сайтынан оқуға болады.

Associated Press хабарлауынша, Женеваға АҚШ-тан  140-қа жуық белсенді барған. Конституциялық құқық орталығы коммерциялық емес ұйым дерегінше, олар адам құққытарының бұзылуы, құқық қорғау органдарындағы қызметін асыра пайдалану (подавление протестов, насилие над заключенными), дискриминация және иммигранттарды, оның ішінде мұсылмандар мен қара нәсілділерді, ЛГБТК+ өкілдерін қудалау, Гуантанамодағы азаптау, сексуал және гендерлік зорлық, аналар денсаулығының кризисі және т.б.

Конституциялық құқық орталығының баспасөз хабарламасында белсенділерді алаңдататын кей мәселелер арасында АҚШ-тағы наразылықтарды басу және Газа секторындағы адамдар өлімі де бар.

Контекст

24 қазанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеген ұйымынң Бас хатшысы Антониу Гуттериш ХАМАС ұйымының Израильге қарсы террорлық актісін сынға алып, тұтқындарды босатуды талап етті. Дей тұрғанмен, ол ХАМАС шабуылы вакуумда болмағанын айтып, Палестина халқы 56 жыл бойы жерін оккупациялау әрекеттеріне тап болып жатқанын атап өтті. БҰҰ Бас хатшысының сөзінше, палестиналықтардың көрген азабы ХАМАС әрекетін ақтап ала алмайды. Ал ХАМАС әрекетін Израильдің палестиналықтарды ұжымдық жазалауы да ақтай алмайды.

Factcheck.kz