Билл Гейтс жануарлардың генетикасын жақсарту үшін вакцина салмақ па?

Әлеуметтік желіде Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс жануарлардың генетикасын жақсарту үшін оларға екпе салмақ деген ақпарат тарады. Reuters фактчекерлері деректің рас-өтірігін тексерді.

Бұл ақпаратты бірнеше жерден көруге болады (мұнда, мұнда және мұнда). Гейтс 37 секундқа созылған видеода былай дейді:

Гейтс қоры DFID-пен (Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігі-ред.) көптеген, соның ішінде мал шаруашылығына қатысты мәселе бойынша ынтымақтасады. Жануарларға вакциналар немесе жақсы генетика арқылы өмір сүруге көмектеседі. Бұл өте маңызды. Эфиопияда болдым, онда тауықтарды көрдім, олар көбірек жұмыртқа салады, көбірек тамақтанады, тіпті үй шаруашылығы жинағын үнемдейді. Эдинбург — бұл осы сала бойынша әлемдегі ең озық жұмыстың көп бөлігі өтетін орын, сондықтан DFID және Гейтс қоры мұндағы ғалымдарды қаржыландырады.

Видеоның ұқсас нұсқалары Ұлыбританияның халықаралық даму министрлігі (DFID, кейінірек Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі (FCDO) болған) және 2018 жылғы қаңтарда Эдинбург университетінің Twitter-інде жарияланды (мұнда және мұнда).

Аталған әлеуметтік желілердегі жазбаларда: “Билл Гейтс жануарларға жақсы генетика беру үшін екпе егуді қалайды” делінген. Алайда Гейтс видеода вакцина не жақсы генетика арқылы жануарлардың өмір сүруіне ықпал ету туралы айтады. Онда ол “ең жақсы генетикаға” вакцина салу арқылы қол жеткізуге болады” деп айтпаған.

FCDO Reuters-тің сұрауына жауап бергенде де осыны, яғни тараған ақпарат пен Гейтстің шын мәнінде айтқан сөзінің айырмашылығын түсіндірген.

2018 жылы Эдинбург университеті жариялаған мақалаға сәйкес, үй жануары генетикасын жақсарту жұмыстары белгілі бір жағдайларда қауіпсіз өмір сүретін жануарлардың ерекшеліктері туралы мәліметтер жинайтын ғалымдардың еңбегін қамтуы мүмкін. Бұл бағуға ең жақсы жануарларды анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Гейтс қоры да Reuters агенттігіне желіде тараған мәлімдеменің жалған екенін айтты.

Factcheck.kz