Кешелі бері әлеуметтік желілерде “Алматыда тұрақты тұрмайтын барлық азаматтар 72 сағаттың ішінде қаладан шығуы тиіс.” деген видео тарап жатыр. Видеодан ақпарат Qazaqstan телеарнасының жаңалықтарында айтылғанын көруге болады.
Алматыда тұрақты тұрмайтын барлық азаматтар 72 сағаттың ішінде қаладан шығуы тиіс.
Үкім: Фейк
Видео Qazaqstan телеарнасының 2020 жылы 18 наурызындағы кешкі жаңалықтарынан қиылып алынған. Дәл қазіргі уақытқа еш қатысы жоқ.
Қазіргі уақытқа қатысы жоқ видеоны бөлісу бұған дейін де болған. Ал аталмыш видеоны тарату Алматыда карантин шараларын күшейтумен байланысты болса керек.
Контекст
Almay tv-ның хабарлауынша, қаладағы эпиджағдайдың нашарлауына байланысты коронавирус инфекциясының таралуын оқшаулау мақсатында карантин шаралары күшейтілген. 2021 жылдың 21-28 наурыз аралығына дейін жаңа қаулы қабылданды.
– азық-түлік емес дүкендердің жұмысын шектелді (сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін).
– шаштараздар мен сұлулық салондары енді тек жазба бойынша, маникюр, педикюр және косметологиялық қызметтерге тыйым салынады.
– қонақ үйлер, демалыс базалары – толымдылығы 50 пайыздан аспайды.
– СОО-және базарлар жұмысын тоқтатады.
– қоғамдық тамақтандыру тек алып кету және жеткізу үшін жұмыс істейді.
– қоғамдық көлік және қала маңындағы маршруттар-кесте бойынша жұмыс күндері, демалыс және мерекелік шектеулер енгізілді.