Ұлттық банк «60 000 теңгелік банкнотқа» қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде бірнеше айдан бері «жаңа банкноттың» видеосы тарап жатыр. Видео авторы бұл ақшаны қайтарым ретінде алғанын айтады.

Дегенмен, Ұлттық банк баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясына берген мәлімдемесінде «айналымда 60 000 теңгелік банкнот пайда болды» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ұлттық банк «60 000 теңгелік банкнотқа» қатысты пікір білдірді
Видеодан скриншот

«Қазір мерейтойлық банкноттар мен монеталардың ең жоғары номиналы 20 000 теңге», — деп хабарлады Ұлттық банк.

Контекст

2017 жылы жаңартылған 500 теңгелік купюра әлеуметтік желі қолданушылары мен БАҚ арасында дау тудырды. Банкноттағы шағала суретінің дереккөзі — швейцариялық фотограф Марсель Букхардттың Уикипедиядағы фотосы болып шыққан (М. Букхардт қазақстандық банкноттың дизайнымен танысқаннан кейін сурет авторы өзі екенін растады). Ал Ұлттық банк «Банкноттағы құстардың қалпы мен тұрысы осы түрдің барлық өкілдеріне тән» деп мәлімдеді.

Factcheck.kz