Жалған | Коронавирусты анықтағанда мұрын мен ми арасындағы мембрана үзіледі

Facebook-та шамамен 50 мыңға жуық желі қолданушысы бар топта мақта тампоны мұрын мен ми арасындағы мембрананы коронавирусты анықтағанда үзеді деп жазып жатыр. Эстонияның Delfi.ee. басылымы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Желі қолданушылары эстон тілінде жазылған суретті бөлісіп жатыр. Олардың айтуынша, “коронавирусты анықтауға тест тапсырған кезде мақта таяқшасы мұрын арқылы миға өтіп, гематоэнцефалдық бөгетті бұзады, салдарынан адам коронавирусты жұқтырады”.

Фейк бірнеше тілде тараған. BBC, USA Today, Politifact журналистері де мұны жоққа шығарды.

Сарапшыларға жүгінген барлық басылым мынадай қорытынды жасады.

  • Коронавирустың бар-жоғын анықтаған кезде мақта тампондары мұрын-жұтқыншаққа жетпейді және миды қоршап тұрған гематоэнцефал бөгетін бұзбайды.
  • Миға мұрын арқылы жетіп, мидың айналасындағы қан-ми тосқауылын жою үшін тін мен сүйектің бірнеше қабаты арқылы ену керек.

Контекст

Мамыр айында фактчекерлер “маска кию көмірқышқыл газымен улануға және миға коронавирустың енуіне әкелуі мүмкін” деген ақпаратты жоққа шығарды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz