Телефонды жиі қолданғаннан көздің қатерлі ісігі болуы мүмкін бе?

Медиада “Күнде қараңғы бөлмеде жарты сағат телефон қолданатын адамдардың көзі қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін” деген ақпарат тарады. Factcheck.uz-дағы әріптестеріміз мағлұматтың рас-өтірігін тексерді.

“Таныстарыңызға ескертіңіз. Қараңғы бөлмеде ұялы телефон қолданбасын”, – делінген бір жазбада.

Меланома – қатерлі ісіктің тез тарайтын агрессив түрі. Көзде меланин шығаратын жасушалар бар. Көздің меланомасы (көз ісігі) сирек кездеседі.

Көптеген зерттеуші бұл тақырыпты талқылап, зерттеп көрді. Дегенмен қатерлі ісік пен телефон арасындағы байланысты таппады.

Мамандардың айтуынша, адам ұялы телефонды жиі қолданса да, ол көз меланомасы деген қатерлі ісік түріне шалдығу қаупін арттырмайды.

Бір зерттеу жүргізілді, оған 1600 адам қатысты. Олардың ішінде телефонды 10 жылдан бері қолданғандар да болды. Алайда нәтижесінде қатерлі ісік пен телефонның байланысы анықталмады. Бұл туралы Ұлттық онкологиялық институт журналында жазылған.

Осылай, бұл зерттеудің нәтижесі көздің қатерлі ісігіне қатысты ақпаратқа алаңдаған басқа шағын зерттеудің мәлімдесіне қайшы келеді.

«Телефонның адам көзінде меланома тудыру қаупін арттырады деген алдыңғы нәтижемізді растай алмадық», – деп жазды журналға Германиядағы Мартин Лютер Галле-Виттенберг университетінің докторы Андреас Штанг.

Factcheck.kz