Шегеде тұру бедеулікке әкеледі ме?

Шеге қағылған тақтай үстіне тұрып медитация жасау практикасы қазірде кең таралған. Деректерге сенсек, терапия кезінде адам эмоциялары сыртқа шығып, гармондардың жұмысы жақсарады. Жақында желіде практика әйелдердің бедеулігіне әкеледі деген ақпарат тарай бастады. Бұл жайлы ресейлік блогер, өзін гипноз эксперті және нейропсихолог деп атаған Руслан Шереметьев мәлімдеген. Оның сөзінше шеге үстінде ұзақ тұру нерв клеткаларының өлуіне әкеледі және жатырға қысым түседі, салдарынан гармондар дұрыс жұмыс істемей бедеулікке әкеледі-міс.

Factcheck.kz бұл ақпарттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді.

Үкім: Дәлелденбеген

Шегеге тұру (Садху) терапиясының бедеулікке шалдықтыратына қатысты ешқандай ғылыми-медициналық зерттеулер жүргізілмеген. Сонымен қатар, ешбір денсаулық сақтау ұйымы бұл терапияның бедеулікке әкеленетіні жайлы деректер келтірмеген.

Садху терапиясы ешқандай медициналық және ғылыми тұрғыдан деледенбеген практика болғандықтан оның жағымсыз әсерлерінен бұрын, адам денсаулығына оң әсері бары да толық зерттелмеген.

Шегеде тұру терапиясын табандағы нүктелерді басу арқылы емдеумен (рефлексология) байланыстырады. Рефлексология алақан және табандағы нүктелерді басу немесе массаж жасау арқылы ағзалардағы энергия, қан, қоректік заттар мен жүйке импульстарының жұмысын жақсартады және ағза ауруларын жеңілдететін балама медицина түріне жатады. Алайда оның әсер ету үрдісі мен тиімділгі әлі де нақты емес. Бірнеше зерттеулер (1, 2, 3) бұл әдістің стресс пен науқастың көңіл-күйіне және ауырғанды жеңілдетуде оң әсері бар екенін анықтаған. Мәселен бір зерттеуде рефлексология босану кезіндегі ауырсыну, босану ұзақтығы және жүктілік кезіндегі мазасыздықты басу үшін тиімді және қауіпсіз болуы мүмкін, алайда шаршау, ұйқы сапасын жақсарту, іш қату белгілері, жүктілік кезінде тобық пен аяқтың ісінуін басуда рефлексологиясының әсеріне делелдер жеткіліксіз. Оған қоса, рефлексологияның барлық ауруларды емдеуде әсеріне де дәлелдер жоқ (1, 2) және зерттеулер сапасы төмен екенін де ескеру керек.

Осыған дейін жүргізілген зерттеу нәтижелерін қортындылай келе, рефлексологияның ауруларды емдеуде әсері дәлелдеген жоқ. Бұл теорияның ауруды емдеуде оң әсеріне дәлел болмағандықтан, шегеде тұру практикасының да оң әсерлері бар екеніне ғылыми негіз жоқ.

Шегеде тұру бедеулікке әкеледі ме?
дереккөз: http://purityhealth.org/reflexology-dubai

Әйелдердегі бедеуліктің себептері қандай?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәлімдемесіне сай әйелдерде бедеуліктің себептеріне;

  • жатыр түтіктерінің бітелуі сияқты түтік проблемалары (олар өз кезегінде емделмеген жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) немесе қауіпті түсіктен кейін, босанғаннан кейінгі сепсис немесе іш/жамбас хирургиясының асқынулары салдарынан дамиды);
  • жатырдың патологиялық жағдайлары;
  • аналық бездердің патологиялық жағдайлары;
  • репродуктивті гормондардың теңгерімсіздігін тудыратын эндокриндік жүйенің бұзылуы жатады.

Оған қоса National health services деректері бойынша бедеулікке әкелетін қосымша факторларға стресс пен депресияның жоғары деңгейі, эректильді дисфункция (импотенция), жүктілік пен босанудан кейінгі гармондардың бұзылысы, антидепрасанттар мен қан қысымын төмендету үшін дәрілер қабылдау, контрацепция әдістерін қолдану және көп мөлшерде алкоголь ішу әсер етуі мүмкін.

Factcheck.kz