Reuters фактчегі | Жер халқының көбею мәселесі тым әсіреленген

Әлеуметтік желіде “бүкіл әлем халқы 50,8 x 50,8 миль (81,7 x 81,7 шақырым) шаршыға сыяды” деген ақпарат тарады. Сонымен қатар, қолданушылар “Адам санының көбею мәселесінің тым әсіреленіп жіберілгенін” мәлімдеді. Reuters фактчекерлері деректің рас-өтірігін анықтады.

Twitter қолданушысы “БҰҰ мәліметінше, жақында әлем халқының саны 8 миллиард адамға жетеді” деп жаза келе, “8 миллиард адам бір-бірінен үш фут қашықта тұрса (шамамен 90 сантиметр), олар қабырғасы 50,8 миль болатын шаршыға сыйып кетер еді” деп жазып, әлем халқының шамадан тыс көбею мәселесіне күмәнмен қарайды.

Расымен де, БҰҰ 11 шілдеде әлем халқы биыл 8 миллиардқа жетеді деп мәлімдеп, 2080 жылға қарай адам саны 10,4 миллиардқа жетуі мүмкін деп болжады.

Reuters агенттігі жүгінген сарапшылар әлеуметтік желідегі математикалық есептеулер “техникалық тұрғыдан дұрыс” болғанымен, өзге факторларды ескеру қажеттілігін айтады.

Саутгемптон университетінің демография профессоры Якуб Бияк есептің дұрыс екенін растап, төмендегідей мәлімдеме жасады:

Халықтың болжалды тығыздығы бір шаршы мильге 3 097 600 (шамамен 3,1 миллион) адамды құрайды. Қазіргі уақытта ең тығыз қоныстанған елді мекендердің бірі — Мальдив астанасы Маледе — бір шаршы мильге шамамен 200 000 адам келеді, бұл жоғарыдағы болжамды нәтижеден 15 есе аз. Мұны елестету үшін сіз қаланы суретке түсіріп, әрбір тұрғын үйді 15 есе жоғарлатуыңыз керек, нәтижесінде ол 8-12 емес, 120-180 қабат болады.

Якуб Бияк, Саутгемптон университетінің профессоры

“Лондон Экономика мектебінің” профессоры Тим Дайсон агенттікке электронды пошта арқылы мұндай жағдайда “өмір сүру мүмкін болмайтынын” және “жер бетінде халықтың мұндай жоғары тығыздығын көтере алатын орын жоқ екенін” айтты.

Бізге тамақ, су, ауа, әрі барлық қалдықты (нәжіс, көмірқышқыл газы және т.б.) тастайтын жер керек. Кейбір адамдардың халық санының көбею мәселесін жоққа шығаратыны өкінішті.

Тим Дайсон, Лондон Экономика мектебі

Саффолк университетінің профессоры Кит Стилл агенттікке жазған хатында әр адам күніне шамамен 3 литр су ішу керек екенін, демек, 8 миллиард адамға күніне 24 миллиард литр су қажет екенін айтты.

Гувер бөгетінде шамамен 2 480 000 текше метр немесе 2 480 000 000 (2,48 миллиард) литр су бар. Сондықтан оларға аман қалу үшін күніне шамамен 10 Гувер бөгеті қажет болады, яғни шомылу, субұрқақ, дәретхана немесе бассейндер болмайды деген сөз.

Кит Стилл, Саффолк университеті

Осылайша, желі қолданушылары жазған “планетамызда адамдардың шамадан тыс қоныстану мәселесінің тым әсіреленгені” туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайды.

Контекст

Желіде ХХ ғасырдағы аптап ыстық күндер туралы жазылған газет үзінділері тарап жатыр. Қолданушылар жаһандық жылынуды жоққа шығарып, «өткен ғасырда да ыстық күндердің болғанын» жазады. AFP фактчекерлері ХХ және ХХІ ғасырдағы ауа температурасының көтерілуінде қандай айырмашылық бар екенін талдап көрді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz