AFP: ХХ ғасыр мен қазіргі ауа температурасы ысуының себебі басқа

Желіде ХХ ғасырдағы аптап ыстық күндер туралы жазылған газет үзінділері тарап жатыр. Қолданушылар жаһандық жылынуды жоққа шығарып, “өткен ғасырда да ыстық күндердің болғанын” жазады. AFP фактчекерлері ХХ және ХХІ ғасырдағы ауа температурасының көтерілуінде қандай айырмашылық бар екенін талдап көрді.

Ескі газеттердің суретімен жақында жарияланған жазбада «Бүгін күн ыстық… 1911 жылдағыдай, 1930 жылдағыдай, т.с.с.» — делінген. Осындай жазбаларды Facebook-тен де табуға болады.

Ғалымдар мұндай ыстықтың шынымен де бұрын болғанын және газеттегі үзінділердің фейк емес екенін хабарлады.

2022 жылдың 19 шілдесінде Ұлыбританияда ауа температурасы алғаш рет 40°C-тан асты. Бұл көлік қозғалысын тоқтатып, ормандардың өртенуіне себеп болды.

Аустралияның Ұлттық кітапханасының мұрағаттық дерекқорының сайтындағы дерекке сай, твиттің сол жағындағы жазба The Queensland Times газетінде 1930 жылы 29 тамызда жарияланған.

AFP фактчекерлерінің жазуынша, ХХ ғасырда да ауа температурасының қатты көтерілуі — қазіргі кездегі жаһандық жылыну фактісін жоққа шығармайды.

Ұлыбританиядағы Редиң университетінің метеорологы Акшай Деорас планетаның жылдам жылынуын және «парниктік газдарының әлдеқайда жоғары концентрациясын» ескере отырып, 100 жыл бұрынғы аптап ыстықты осы ғасырдағымен салыстыру «орынсыз» дейді.

Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың (IPCC) соңғы есебіне сәйкес, әрбір қосымша 0,5°C жаһандық жылыну төтенше ыстықтың қарқындылығы мен жиілігін айтарлықтай арттырады. Зерттеуге әлемнің 90 елінен 700-ден астам ғалымдар қатысқан.

Ұлыбритания Метеорологиялық бюросының 2020 жылғы зерттеуі 40°C-тан жоғары температура әр 100-300 жыл сайын болатынын көрсетті. Алайда 2100 жылға қарай мұндай температура әр 15 жыл сайын қайталануы мүмкін. Фрейя Гарридің сөзінше, бұған көмір, мұнай мен газды жағу себеп болып отыр.

Контекст

2020 жылғы Еуропалық комиссияның баяндамасына сай, «Еуропадағы аптап ыстық толқындарының тұрақты өсуі және қатты суық күндердің қысқаруы анықталды».

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz