Pfizer вакцинасын салған 4 еріктіде Белл сал ауруы пайда болғаны рас па?

Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында америкалық коронавирус вакцинасын алған төрт еріктіде Белл сал ауруы пайда болды деген ақпарат шықты. Factcheck.kz оқырмандардың сұрауы бойынша ақпаратты тексерді.

Pfizer вакцинасын салған 4 еріктіде Белл сал ауруы пайда болғаны рас па?

Пікір: АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы PFIZER вакцинасын қабылдаған төрт еріктіде Белл сал ауруы пайда болды деп хабарлады, мұндай кезде бет жүйкесінің  уақытша зақымдануы салдарынан бұлшықет сал ауруы болады.

Lenta.ru, @science_short

Үкім: Шындық және Манипуляция

Шынында, АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы құжаты мәліметінше, Pfizer-BioNTech COVID-19 вакцинасын алған төрт қатысушыда Белл сал ауруы тіркелген.

Бұл жағдайлар перпаратты еккеннен кейін 3, 9, 37 және 48 күн өткенде пайда болды. Сондай-ақ, вакцинацияның сал ауруына алып келгені туралы ешқандай дәлел жоқ екені рас – біз тексеретін материалдарда осындай егжей-тегжейлі мәліметтер бар.  

Дегенмен Lenta.ru порталындағыдай мына сияқты тақырыптар манипуляциялық және оқырмандарды әдейі немесе байқаусызда адастырады: Американың коронавирус вакцинасынан кейін сал ауруы пайда болған жағдайлар тіркелді.

Толығырақ…

Қолда бар деректерге сүйене отырып, 2 айлық бақылау кезеңінде 38 000 қатысушыда мынадай жанама оқиғалар тіркелді:

Pfizer вакцинасын салған 4 еріктіде Белл сал ауруы пайда болғаны рас па?

Қатысушылардың 0,0-4,6%-інде жас тобына және вакцинация кезеңіне байланысты ауыр жанама реакциялар байқалды (препараттың екінші дозасын қабылдағандарда және жас еріктілерде жиірек кездеседі). Вакцина алғандар арасында Белл сал ауруының төрт жағдайы тіркелді.

Дегенмен осы аурудың еріктілер тобында байқалуы популяция күткен фондық жиілікке сәйкес келеді (немесе одан да төмен). Сондықтан қазіргі кезде себеп-салдар қатынасын қалыптастырудың нақты негізі жоқ, бірақ АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы болашақта үлкен популяциялар арасында Белл сал ауруы жағдайларын мұқият бақылауды ұсынады.

Анықтама үшін

Бет жүйкесі невриті немесе Белл сал ауруы – бұл біржақты парезбен немесе тұлғаның бет бұлшықеттерінің салдануымен көрінетін бет жүйкесінің зақымдануы. Нәтижесінде бұл бұлшықеттерде әлсіздік пайда болып, ол мимикалық қимылдардың нашарлауына (парез) немесе оның мүлдем болмауына (салдануға) және бет асимметриясына әкеледі. Белл сал ауруының нақты себептерін, әдетте анықтау мүмкін емес, ауру маусымдық сипатта болады және қатты тоңу немесе суық тию салдарынан болуы мүмкін.

Бет жүйкесі невриті болжамы оның оқшаулануына және қатар жүретін патологияның болуына байланысты (отит, паротит, герпес). 75% жағдайда бет толық қалпына келеді, бірақ аурудың ұзақтығы 3 айдан асқан кезде жүйкенің толық қалпына келуі өте сирек кездеседі.

Қорытынды

Зерттеу кезінде осы ауру жағдайлары туралы айтылды, бірақ вакцинаның ауруды қоздырғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Белл сал ауруының жылдық жиілігі 100 000 адамға шаққанда 15-20 жағдайға тең. 38 000 еріктіге төрт жағдайдан келуі орташадан төмен пропорция. Осы мәліметтерге сүйене отырып, еріктілердегі Белл сал ауруы вакцинамен байланысты емес деген қорытынды жасауға болады.

Дайындаған: Мөлдір Өтегенова

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz