Қара шайдың 10 секундта COVID-19-ды жоятыны рас па?

25 қаңтар stan.kz сайтында “коронавирусты жояды” деген мазмұнда тағы бір ақпарат жарияланды. Бұл жолы вирусты “емдейтін өнім” – қияр, мия өсімдігі, сарымсақ, тіс пастасы емес, күнделікті өзіміз ішетін – қара шай. Ол COVID–19-ды 10 секундта жояды екен. Factcheck.kz тексеріп көреді.

Үкім: Жалған және манипуляция

Ғалымдардың өзі COVID–19-ды шаймен емдеуге және алдын алуға әсері болмайтынын айтқан. Өйткені оның құрамындағы биологиялық белсенді заттар ішектен қанға нашар сіңеді және олардың мөлшері вирусты жою үшін жеткіліксіз. Сондай-ақ шайды шамадан тыс тұтыну, ауыз-қуысын күйдіреді. Ал вирус құрғақ ұлпаға оңай жабысады. Сонымен қатар ДДСҰ бұған қатысты ешқандай ресми дерек ұсынбады.

Шайдың құрамында антиоксиданттар бар. Дегенмен коронавирусты “өлтіретін” қасиеті жоқ. Ал зерттеу де өзара байланысқа назар аударуға және әрі қарай зерттеу жүргізуге шақырады.

Зерттеуде не жазылған?

SARS-CoV-2 сілекейдегі, қақырықтағы немесе мұрыннан бөлінетін бөлінділердің науқаспен немесе жұқтырған адаммен сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде шығып, тыныс алу, жұту, жанасу арқылы мұрын-жұтқыншақтың, ауыздың немесе конъюнктиваның шырышты қабығына жетеді.

Ғалымдар осыған дейінгі зерттеу барысында белсенді құрам ретінде көк және қара шайдың биологиялық белсенді қосылыстары эпигаллокатехаллаллат және теафлавин-дигаллат және теазиненсин тапқан.

Шай коронавирусты сілекейде өлтіруі мүмкін, бірақ ұзаққа созылмайды. Егер сусын ауыз қуысында 10 секунд ұсталса, онда сілекей сынамасынан вирус табылмайды. Алайда оның бөлшектері бірнеше минут ішінде қалпына келтіріледі. Себебі шай құрамында вирустың айналасындағы ақуызды бұзатын, оның жасушаға енуіне көмектесетін заттар бар.

Маңызды: Бұл зерттеу препринт (кәсіби бағасын алмаған алдын-ала зерттеу) және рецензияланбаған (басқа да кәсіби мамандармен кеңесілмеген).

Ғалымдар не дейді?

Шай құрамында таниндер бар. Бұл ақуыздың, соның ішінде вирустардың жойылуын тудыратын күшті денатурациялаушы агент. Сондықтан шай неғұрлым күшті болса, соғұрлым танин көп болады және вирусты жоюдың әсері соғұрлым жоғары», – деді Мәскеу мемлекеттік тамақ өнімдері университетінің биорганикалық синтез өнімдерінің биотехнологиясы және технологиясы кафедрасының доценті Георгий Суслянок.

Зерттеушілер шай жапырағындағы катехиндердің (қартаюды баяулататын және арықтауға көмектесетін табиғи антиоксиданттар) антиоксиданттары, олар өңделгенде, басқа биологиялық белсенді заттарды тудырады, вирусты жоюға қабілетті деп санайды. Тәжірибе барысында ғалымдар қара шай коронавирустың титрін анықталмайтын деңгейге дейін төмендететінін анықтады. Содан кейін олар алынған үлгілермен басқа түтікшеден жасушаларды жұқтыруға тырысты. Соңғы үлгіде вирустың бөлшектері табылған жоқ.

Өз кезегінде Разумовский атындағы Мәскеу Мемлекеттік Технологиялық Университеті кафедра басшысы Игорь Никитин мұндай әсер ұзаққа созылмауы мүмкін екенін және масканы қолдану оңайырақ екенін айтты.

Қорытынды

  • bioRxiv сайтына препринт зерттеулер жарияланады. Яғни дереккөз сенімді емес. Ақпарат ДДСҰ-мен мақұлданбаған.
  • Қара шай коронавирусты емдеуге және алдын алуға көмектесе алмайды.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz