2 минутта COVID-19’ды жоятын тіс пастасы бар ма?

COVID-19 пайда болғаннан бастап, бүгінге дейін оны емдеудің медициналық жолы, үй жағдайында түрлі заттарды пайдалану арқылы жоюдың түрлі жолдары толастар емес. Соның бірі – “Екі минут ішінде коронавирусты жоятын тіс пастасы анықталды”. Бұл туралы stan.kz сайты жазды. Тексеріп көрейік.

Үкім: Манипуляция

Dental Tribune International хабарлауынша, бұл ақпарат – Colgate-Palmolive бағдарламасының кезекті зерттеуінің бірі. Зерттеу қорытындысы бойынша, тіс пастасы немесе ауыз қуысын тазалайтын өнімдер коронавирусты мүлдем жойып жібермейді. Вирус жұқтырған адамның аузындағы SARS-CoV-2 мөлшерін уақытша азайтып және вирустың таралуын әлсіретеді деп көрсетілген.

Зерттеу туралы толығырақ

Зерттеуді Нью-Джерси штатының медицина мектебі (NJMS) қоғамдық денсаулық сақтау ғылыми-зерттеу институты және Ньюарк аймақтық биоқауіпсіздік зертханасы бірлесіп жүргізілген.

Тіс пасталары мен жуғыш заттар ауыз қуысында вирусты уақытша азайту арқылы SARS-CoV-2 таралуын бәсеңдетеді деген. Colgate Total және Meridol пасталары екі минутта вирустың 99,9% бейтараптандырған. Colgate Plax және Colgate Total сияқты өнімдермен ауызды шаюдың әсері 30 секунд болған.

Тісті тазалау және ауыз қуысын шаю адамды инфекциядан толықтай қорғаудың тәсілі немесе емі болмаса да, вирустың таралуын азайтуға және таралуын бәсеңдетуге көмектеседі. Бетперде тағу, әлеуметтік алшақтық және қолды жиі жуу сияқты…

Мария Райан, дәрігер, Colgate-Palmolive бас стоматологы

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz