Мия коронавирусты жоя ма?

22 желтоқсанда sputnik.kz сайты коронавирусты жоятын тағы бір өсімдіктің анықталғанын айтып, оны қазақтілді сайттар жарыса жазды. Аталған өсімдік Қазақстанда бар және ол қарапайым мия екен. Әдеттегідей factcheck.kz сайты тексеріп көреді.

Үкім: Манипуляция

Медиада жарияланған материалдар – манипуляция. Оқырманды тарту үшін мазмұн бұрмаланған және түпнұсқа препринт ресурста жарияланған.

Зерттеуге келер болсақ, мия тамырында болатын глицирризин қышқылы вирусты бәсеңдете алады. Бірақ түбегейлі жояды деген сөз емес. Ғалымдардың айтуынша, мия тамырының сулы сығындысымен алынған глицирризин қышқылы SARS-CoV-2 вирусқа қарсы белсенділігін көрсеткен. Бұл әзірге тек болжам әлі тәжірибе жүзінде дәлелденбеген және зерттеу тек препринт ресурста ғана жарияланған.

Зерттеу туралы толығырақ

Германияның Эссен университеті клиникасының мамандары өздері жүргізген зерттеу нәтижесін bioRxiv препринт порталына жариялаған. Олардың айтуынша, дәстүрлі шөп дәрілерді вирустық аурулардың алдын алу мен бәсеңдету үшін ғана қолдануға болады. Дәрілік шөптерге зерттеу жүргізу барысында мия тамырының сулы сығындысы SARS-CoV2-ге қарсы бейтараптандырғыш әсерге ие деген қорытындыға келген. Жоғарыда айтқанымыздай, ғалымдар бұл әзірге тек гипотеза екенін, COVID-19 емі үшін әлі де зерттеу жүргізу керектігін айтады.

Глицирриз қышқылы – вирусқа қарсы белсенді ингредиент. Сонымен қатар, зерттеу барысында адам мен жануарлардағы вирусқа да қарсы оң нәтижесін көрсеткен. Зерттеу нәтижесінде, глицирризин қышқылының адам ағзасына қауіпсіз екендігі және оңай сіңетіні, сондай-ақ қабынуға қарсы қасиеті де айтылған.

Мияның емдік қасиеті мен пайдасы

Осыған дейін АҚШ Ұлттық медициналық кітапханасы мияның COVID-19 инфекциясына балама препарат бола ала ма тақырыбында зерттеу жүргізген болатын. Нәтижесінде төмендегідей дәлелдер ұсынды:

  • Зерттеу нәтижесі гликирризин қышқылының Жапонияда 40 жылдан астам уақыт бойы бауыр ауруларын, атап айтқанда созылмалы гепатитті емдеу үшін қолданылады деп көрсетеді.
  • GLR (гликирризин) адам ағзасында ежелден бауырдың қорғанысы ретінде қолданылып келе жатқан қауіпсіз табиғи өнім. Жанама әсерлері салыстырмалы түрде сирек және емделеді.
  • GLR (гликирризин) адамдарда созылмалы гепатитті (және басқа бауыр ауруларын) емдеу үшін және PEDV шошқа вирусы сияқты кейбір коронавирустарға қарсы белсенділік көрсетті. Ол терінің қабынуын емдеу үшін де қолданылады.
  • GLR (гликирризин) қабынуға қарсы белсенділігі вирустық инфекциямен байланысты респираторлық дистресс синдромын жеңілдету үшін пайдалы болуы мүмкін.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz