Фактчек | Ерұлан Жамаубаев бір көзден «тікелей» мемлекеттік сатып алу үлесі туралы

15 ақпанда үкіметтің кезекті отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеу жоспарындағы жаңашылдықтар туралы айтып, оған қоса кейбір цифрды жария етті. Министр келтірген деректерді тексереміз.

Мәлімдеме: Мемлекеттік сатып алу процесі толығымен электрон форматқа көшірілді. Бүкіл процесс ашық және барлығына қолжетімді. Кейінгі жылдары қабылданған шаралардың нәтижесінде бір көзден алу арқылы тікелей сатып алу үлесі 64%-тен 39%-ке дейін төмендеді.

Ерұлан Жамаубаев

Үкім: Шындыққа жақын және манипуляция

Шындығы мынада: кейінгі жылдары мемлекеттік сатып алулар жүйесі қатысушылар мен азаматтық бақылау үшін ашық бола бастады (оған ProTenge және «За нами выехали» әріптестеріміздің жұмысы дәлел), ал бір көзден сатып алу үшін негіздердің саны қысқартылды.

Манипуляциясы мынау: статистика министрдің айтқанына сай келе бермейді. 

Біріншіден, егер мемлекеттік сатып алу ресурсы ұсынған ақпаратқа, атап айтқанда, жақындағы есептерге сенсек, яғни 2016 жылдан бері бір көзден алу тәсілімен тікелей келісімшарт жасау арқылы жүргізілген мемлекеттік сатып алу үлесі 64% болғаны байқалмаған. Ең көбі – 51,5%.

Екіншіден, 2021 жыл қорытындысы бойынша ол шынымен де 37% болса да (мұнда спикер бір-екі процент қана қате жіберген), кейінгі жылдардағы статистика тұрақты төмендеу үрдісі туралы да қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді, сондықтан 2021 жылы бір көзден сатып алу үлесі төмендеуінің себебін тек министрлік қабылдаған шаралардың нәтижесі деп айтатындай емес. Үшіншіден, үлестің төмендеуі арқылы мұндай сатып алудың физикалық көлемінің төмендеуі байқалмайды, керісінше олар өсті.

Фактчек | Ерұлан Жамаубаев бір көзден «тікелей» мемлекеттік сатып алу үлесі туралы
Кесте тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептердегі мәліметтер негізінде құрастырылған. Дереккөз.

2016 жылға дейінгі есептерде тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу туралы толығырақ мәліметтер болмағандықтан, біз 2016 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі уақыт ауқымы қазіргі есепті толық көрсетеді және «кейінгі жылдар» деген қисынға келеді деп ойлаймыз.

Жылдар бойынша мәліметтер:

  • 2021 жылы мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 6,99 трлн теңге және тікелей келісімшарт арқылы бір көзден алу тәсілімен 2,6 трлн теңге болды;
  • 2020 жыл: 4,7 трлн және соған сай 2,3 трлн;
  • 2019 жыл: 3,3 трлн және соған сай 1,7 трлн;
  • 2018 жыл: 2,9 трлн және соған сай 1,45 трлн;
  • 2017 жыл: 2,7 трлн және соған сай 1,3 трлн;
  • 2016 жыл: 1,8 трлн және соған сай 0,8 трлн теңге.

Министрліктің еңбегін атап өткен жөн: 2021 жылға тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жасауға 50-ге жуық негіз болса, министр өз сөзінде айтқандай, 2022 жылғы жағдай бойынша сатып алудың мұндай шын мәнінде бәсекеге қабілетсіз түрі үшін 6 негіз қысқартылған. Соған қарамастан, бәсекеге қабілетті мемлекеттік сатып алулар саласында бізге біраз өсу керек.

Мемлекеттік сатып алуды электрон форматқа көшіру, ашықтық пен қолжетімділік туралы

Негізі, мемлекеттік сатып алуларды электрон форматқа толық көшіру туралы бірнеше жыл бұрын қазіргі министрдің ізашары мәлімдеген еді. Сондықтан бұл жаңалық емес. Бірақ расында қазір мемлекеттік сатып алуға қатысу уеб-порталға тіркелгеннен кейін және оның сервистерін қолдану арқылы ғана жүзеге асады (ерекшеліктері бар).

Министр Жамаубаевтың тұсында мемлекеттік сатып алу үдерісі жаңа мүмкіндіктерге ие болды, бұл салыстырмалы түрде жақында қабылданған құқықтық актілерде көрсетілді. Әңгіме «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға және жаңа редакцияда қабылданған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы болып отыр. Биыл және келесі жылы – 2023 жылы – мынадай механизмдер енгізіледі: енді тауарларды мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрон каталогынан жүзеге асырылады, өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін автоматты түрде есептеу үшін электрон дүкен, электрон депозитарий және басқалары енгізіледі. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап (ол кезде Жамаубаев Қаржы министрі еді) қосымшаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға болатын еді: жалпы алғанда, қызмет лоттар, жасалған келісімшарттар, мемлекеттік сатып алу жоспарлары, қатысушылар және жосықсыз сатып алулар туралы ақпаратты ұсынады. Осыған ұқсас ақпарат мемлекеттік сатып алулар сайтында да бар.

Ашықтық пен қолжетімділікке келетін болсақ, өткізілетін мемлекеттік сатып алулар туралы барлық ақпарат сайтта бар (ақпарат бұрын да болған). Мемлекеттік сатып алу туралы заң бойынша, бұрынғыдай құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) және әрекет қабілеттілігі (жеке тұлғалар үшін) бар қаржы жағынан тұрақты азаматтар сатып алуларға қатыса алады.

Айтпақшы, тіркеусіз және ЭЦҚ-сыз мемлекеттік сатып алулар және басқа да бірқатар мәлімет базасы бойынша жылдам іздеу үшін біздің редакциямыз техникалық қолдау көрсететін Open Base қызметін пайдалана алатыныңызды еске салайық.

Қорытынды

  • Қазіргі уақытта барлық қызмет лоттар, сатып алу жоспарлары, қатысушылар (барлық еңбекке қабілетті қаржы жағынан тұрақты азаматтар мемлекеттік сатып алуға қатыса алады, яғни қызметте қолжетімділік белгілері бар) туралы ақпаратты ашық көрсететін уеб-порталға тіркелген, келісімшарттар тізілімі мен есептер бар. Дегенмен электрон форматқа толығымен көшкенін қазіргі Қаржы министрінің ізашары да  мәлімдеген еді. Шын мәнінде, жаңа нормативтік құқықтық актілер бойынша, мемлекеттік сатып алу уеб-порталы электрон мемлекеттік сатып алу қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйесі деп аталады.
  • Статистикаға келетін болсақ, министр жеткілікті түрде дәл айтқан жоқ. Бұл ретте өткен 6 жылда тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алу үлесін қысқарту тренді байқалған жоқ, тек 2021 жылы байқалды, ал мұндай сатып алудың физикалық көлемі тек өсті.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz