Жердің ядросы айналуын тоқтатқаны рас па?

Жақында медиа мен әлеуметтік желіде Жердің ядросы айналуын тоқтатты немесе кері айнала бастады деген ақпарат тарады.

Full Fact фактчекерлері мәлімдемені тексерді.

Фактчекерлердің айтуынша, ғалымдардың тұжырымдамасын бұлай тәпсірлеу адамдарды шатастыруы мүмкін. Зерттеуде Жердің ішкі ядросының айналуын тоқтатқаны айтылмаған. Онда ішкі ядро мантияға (жер қыртысы мен ядро арасындағы жердің бір бөлігі) қарағанда тезірек айналуын тоқтатуы мүмкін екені хабарланған. Яғни, мақалада ядроның айналу жылдамдығы мен мантияның айналу жылдамдығы арасындағы айырмашылық өзгеруі мүмкін екені баяндалған.

Зерттеуді жариялаған Nature Geoscience журналының пресс-релизі көптеген медианың жаңсақ ойлауына әсер етті. Релиздің алғашқы сөйлемінде: “Жақында Жердің қатты ішкі ядросы айналуын тоқтатты және айналу бағытын өзгертуі мүмкін”,-деп жазылған.

Full Fact журналмен байланысқаннан кейін олар нақты тұжырымдама қосып, пресс-релизін жаңартты.

Springer Nature өкілі (Nature және Nature Geoscience журналы кіретін академиялық басылым компаниясы) Full Fact-қа: “Біз әдетте осы саламен айналысатын қауымдастықтардың “реверсия” термині және оның туындыларын қарастырылып отырған құбылысты, ішкі ядроны, мантияға қатысты баяулату не жеделдетуді сипаттау үшін қолданатынын түсіндірдік. Дегенмен біз бұл терминдер қосымша түсіндірме контекстсіз аудиторияны жаңылыстыруы мүмкін екенін және пресс-релизде қолданылмауы қажет екенін де түсінеміз”,-деді.

Full Fact байланысқан Independent пен Metro басылымдары да мақалаларын жаңартты. Ал BBC-ден осы материалды жазып жатқан кезде жауап келмеді.

Зерттеу жұмысының түпнұсқасында сейсмикалық толқындардың — көбінесе жер сілкінісін тудыратын тербелістің — ғаламшардың бір жағынан екінші жағына қалай өтетіні өлшенген. Ғалымдар бұл толқындардың кейінгі онжылдықта басқаша әрекет еткенін анықтаған.

Авторлар бақылау нәтижесінде “жақында ішкі ядроның айналуы тоқтады” деп, мантияға қатысты дифференциал айналу жөнінде айтпақ болған.

Nature журналының басқа мақаласындағы ақпаратқа сәйкес, ғалымдар көп жылдан бері Жердің ішкі ядросының дифференциал айналуына қатысты пікірталас жүргізіп келеді. Алайда ешкім “Жердің ішкі ядросы айналуын доғарды” деген қорытынды жасамаған.

Factcheck.kz