Күндіз көрінетін Ай Жердің тегіс екенінің дәлелі емес — Reuters

Күндіз көрінетін Ай Жердің тегіс екенінің дәлелі емес. Бұл туралы Reuters фактчекерлері жазды.

Әлеуметтік желіде Жердің табиғи серігінің күндізгі көрінісі пайда болды. Видео авторы онда Айдың не себепті Күн батқанға дейін жоғарыда тұрғанын сұрайды. Кейін ол Күн Айға сәулесін түсірмейді деген қорытындыға келеді.

“[Ай] қазір жердің арғы жағында, қараңғы жақта болуы керек, бірақ сіз көріп тұрғаныңыздай, ол Күнмен бірге”, — дейді видеодағы адам.

Алайда ғалымдар агенттікке жерді тегіс санайтындардың бұл аргументі әлсіз екенін айтты.

Остиндегі Техас университетінің астрономия кафедрасының доценті Майк Бойлан-Колчин: “Біз күндіз айды көкжиектен жоғары тұрған кезінде күн сәулесі түскен бөлігін ғана көре аламыз”,-деп түсіндірді.

Бойлан Колчиннің айтуынша, Айдың Жерді айналуына бір ай кетеді (орбита кезеңі 29,5 күн). Ай біраз уақыт бойы Жер мен Күннің арасында, енді бір уақытта Күнге қарама-қарсы, кейде Жерден Күнмен бірдей қашықта болады.

Массачусетс университетінің ғарыштық ғылымдар және технологиялар орталығының физика кафедрасының доценті Сайлас Лекоктың сөзінше, күн мен түннің құбылысқа ешқандай қатысы жоқ. Оның әріптесі, Боудойн коллежінің физика және астрономия кафедрасының доценті Фе Макбрайдтың айтуынша, аспандағы денелердің қозғалысы, керісінше, жердің тегіс екені туралы теорияны жоққа шығаруға көмектеседі.

Жердің тегіс екеніне қарсы ең жақсы аргумент — Айдың тұтылуы кезінде Айдың Жер көлеңкесіне түсуі. Бұл Айдың көлбеу орбитасына байланысты екі жылда бір рет болады.

Фе Макбрайд, Боудойн коллежінің физика және астрономия кафедрасының доценті
Factcheck.kz