Жасанды интеллект арқылы жазылған әңгіме сайыста жүлделі болды

Қытайдың Цзянсу провинциясында өткен танымал және ғылыми фантастиканың 5-сайысында жасанды интеллект жазған әңгіме жүлделі болды. Бұл жағдай қытайлық медиада қызу талқыланды. Бұл туралы South China Morning Post-қа сілтеп SecurityLab хабарлады.

Бейжіңдегі Цинхуа университетінің журналистика және коммуникация мектебінің профессоры Шен Янгу жұмысын небәрі 3 сағатта дайындап қойған. Ол жасанды интеллектіге 66 рет сауал жолдап, 40 мыңнан астам таңбадан тұратын шығармасын әзірлеген. Оның әңгімесі “The Land of Machine Memories” деп аталады. Онда бас кейіпкер нейроинженер Ли Сяон шынайы өміріндегі естеліктерін ұмытып қалады. Соны есіне түсіру үшін метаәлемдегі шытырман оқиғаларды бастан өткереді.

Шань Янгудың айтуынша, оның сайысқа арналған жұмысын, тіпті оның жоспарын, иллюстрациясын, @SiliconZen деген лақап атын толықтай жасанды интеллект дайындаған.

Байқауға 200-ге жуық жұмыс ұсынылды. Оның алтауы гран-при, 14-і бірінші орын, 18-і екінші орын, 27-сі үшінші орын алды.

Шань Янгу сайысқа жұмысын лақап атымен өткізіп, автордың, яғни өзінің есімін жасырын ұстаған. Төрешілердің тек біреуі ғана жұмыстың жасанды интеллект арқылы жасалғанын білді. Сайыс ережесі туындының ЖИ арқылы жасалғанына тікелей тыйым салмайды.

“The Land of Machine Memories” әңгімесі марапатқа ие болса да, төрешілер оны жарияламас бұрын біраз өзгерту керек екенін айтты. Олардың пікірінше, әңгіменің мәтіні әлі де адам жазғанға ұқсамайды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz