Жапон ғалымдары адамның түсін жазып алатын МРТ-құрал ойлап тапты ма?

Жапон ғалымдары адамның түсін жазып алуға, кейін оны құрастырып, жалғастырып көруге мүмкіндік беретін МРТ құралын ойлап тапқан деседі. Snopes фактчекерлері ақпаратты тексерді.

2013 жылы дәл осындай құралдың жасалып жатқаны, эксперимент жүргізіліп жатқаны туралы BBC, The VergeNPR сияқты ірі медиалар да жазды. 10 жылдан соң бұл тақырып қайта өзекті болды. Тіпті, 2024 жылғы 15 қаңтарда осыған қатысты мемдер пайда болды.

Жапон ғалымдары адамның түсін жазып алатын МРТ-құрал ойлап тапты ма?

Бұл ақпарат жартылай ғана шын.

2013 жылы жапон ғалымдары магниттік-резонанстық томографияны (fMRI) қолданып, “түсті жазатын” әдіс туралы зерттеуін жариялады. Онда адамның ұйықтап жатқанында және ояу кезінде миының белсенділігі жазылды. Жазбалар мидың осы белсенділігіне сәйкес келетін объектілердің кескіндерінің жарқылдарынан тұрады.

Алайда олар түсті видеосын жазып алмады. Ол оқыту машинасы арқылы жинақталған, қозғалмайтын суреттердің тізбегі.

Factcheck.kz