“Теңіздегі пицца” теңіз шырышы болып шықты — Snopes

Ақпанда Reddit-те қызық фото жариялады. Суретте теңіздің таяз жері бейнеленген. Оған қоса су бетінде сары түсті шеңбер қалқып тұр. Адамдар оны пиццаға ұқсатқан. Сипаттамасында суреттегі “Испан бишісі” деп аталатын теңіз шырышы екені жазылған. Snopes фактчекерлері ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

"Теңіздегі пицца" теңіз шырышы болып шықты — Snopes
Reddit постының скрині

Daily Mail-дың 2021 жылғы 20 қаңтардағы мақаласына сәйкес, сурет Австралияның батыс жағалауындағы Корал шығанағының таяз жерінде түсірілген және оны Instagram-ға @Adigaz парақшасы жариялаған.

“Негізінде бұл шырыштың ғылыми атауы — Hexabranchus sanguineus, бірақ көбі оны “Испан бишісі” деп таниды, Себебі ол (жануар) фламенко бишісінің белдемшесіне қатты ұқсайды”, – деп жазды басылым.

Кейде оны медузамен шатастырып жатады. Дегенмен Hexabranchus sanguineus — ғылымға белгілі ең ірі теңіз шырышының бірі. MarineBio.org сайтының мәліметінше, ол Шығыс Африкадан Қызыл теңізге дейінгі Үнді-Тынық мұхиты аймағының тропиктерінде, француз Полинезиясының, Жапония мен Австралияның жағалауын мекен етеді.

Мұндағы видеодан оның козғалғанын көруге болады.

Factcheck.kz