Жапон ғалымы оразаның пайдасын зерттегені үшін Нобель сыйлығын алды ма?

Интернетте “Жапон ғалымына оразаның пайдасын зерттегені үшін Нобель сыйлығы берілді” деген хабар тарады (мұнда). Factcheck.uz-дағы әріптестеріміз мәліметті тексеріп көрді.

Фактчекерлер бұл мағлұматтың манипуляция екенін айтады.

Көпшілік арасында тараған фотода шынымен де жапон ғалымы бейнеленген. Ол – молекулярлық биолог Йошинори Осуми. Алайда ол физиология немесе медицина саласындағы 2016 жылғы Нобель сыйлығын аутофагия механизмдерін ашқаны үшін алды.

Аутофагия – денедегі жасушалардың қажетсіз жасушаішілік компоненттерді ыдырататын табиғи механизмі. Бұл процесс жасушадағы қалыпты белсенділікті сақтауға, жасушыларды зиян заттан тазалауға, зақымданған молекуланы жоюға көмектеседі. Аутогафия “өзін-өзі жеу” деген мағынаға ие.

Йошинори Осуми әртүрлі зерттеу жүргізіп, 1988 жылы өзінің жеке зертханасын құрды. Оның ашқан ең әйгілі жұмысы – аутофагия, яғни аштық кезіндегі дененің белсенді жұмысы. Осы сәтте сыртқы қорек заттарды ала алмайтын жасушалар ішкі қорлардан қажет энергияны, яғни аутофагия арқылы өңделген екіншілік қорек заттарды толтырады.

Басқа ғалымдар Осумидің зерттеуін қолдады. Олардың айтуынша, аутофагия адам ағзасын тазартады, ерте қартаюдың алдын алады.

Factcheck.kz