Сүт өнімдерін көп тұтынғаннан целлюлит пайда бола ма?

Интернетте “Адам сүт өнімдерінен көп тұтынса, денесінде целлюлит пайда болады” деген ақпарат тарады (1, 2, 3). “Проверено” деректі тексеріп көрді.

Целлюлит (липодистрофия) — тері астындағы май құрылымының өзгергенінен, терінің сырт көрінісінің бұзылып көрінуі. Статистика бойынша, дүниежүзіндегі әйелдің 85-тен 98%-іне дейіні жыныстық жетілген соң, целлюлит пайда болады. Ол ауру болып саналмаса да, маңызды мәселе. Ғалымдар целлюлитті тудыратын бірнеше факторды атап өтті. Олар мынадай:

  • терінің және дәнекер ұлпасы құрылымының өзгеруі;
  • тері астындағы май құрылымының өзгеруі;
  • тамырлардың өзгеруі;
  • қабыну процесі.

Байқағаныңыздай, тізімде сүт өнімдеріне қатысты ештеңе жоқ. Дегенмен сүт өнімдерінің де зияны бар деп есептейтіндер бірнеше аргументті алға тартып отыр. Олардың айтуынша, адам ағзасы сүт өнімдерін қорытуға көмектесетін реннин ферментін бөлмейді. Сол себепті адамның ағзасында қорытылмай қалған сүт өнімдері жиналып, адамның денесінде апельсин сияқты қыртыс пайда болады.

Адам ағзасының реннин шығармайтыны рас. Дегенмен бізге басқа фермент — пепсин ақуыздарды қорытуға жәрдемдеседі. Пепсин асқазандағы ақуыздарды казеинге айналдырады. Кейін казеин қалың шөгінді құрып, баяу ыдырап кетеді.

Оған қоса “сүт өнімдерінде май көп болған соң, адам денесінде целлюлит пайда болады” деген болжам бар. Алайда бұл қате. 2016 жылғы шолу нәтижесіне сүйенсек, сүт өнімдеріндегі май мөлшері мен семіздіктің, екінші типтегі диабеттің, жүрек-тамыр ауруларының, терінің негізгі көрсеткіші болып саналатын лимфатикалық жүйенің бұзылуының еш байланысы жоқ.

Сонымен бірге бір зерттеуде сүт өнімдерінің белгілі бір мөлшерде тұтыну арықтауға көмектесетінін анықталған.

Целлюлит анатомиялық мәселелерден — адам жасына байланысты тері, тері астындағы май жасушасының өзгергенінен пайда болуы мүмкін.

Осылайша, “сүт өнімдерінен целлюлит пайда болады” деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Factcheck.kz