Попкорн деменцияға ұшырау қаупін азайта ма?

Telegram-да “попкорн немесе тәтті жүгері деменцияға ұшырау қаупін азайтады” деген ақпарат тарады. Мұны ғалымдар дәлелдеген деседі. Factcheck.uz сайтындағы әріптестеріміз деректі тексерді.

Оған қоса онда адам күнделікті тұтынатын дән-дақылдың миды жақсартатыны жазылған.

Алайда бұл – жалған ақпарат.

Чикаго жобасының зерттеушілері деменциямен ауырмаған 3300 ересек (орташа жас – 75 жас) адамға сынақ жүргізген. Ғалымдар әр үш жыл сайын олардан дән-дақылды қаншалықты жиі жейтінін сұрады, когнитивтік және есте сақтау қабілетіне қатысты тестілерді тапсыртқызды. Мәселен, олардан тізімде жазылған сөздерді немесе сандарды ретімен айтып шығуын сұраған.

Ғалымдар тәулігіне 80 грамнан көп дән-дақыл жейтіндердің когнитив қабілетінің аз жейтіндерге қарағанда баяу төмендейтінін анықтады. Сарапшылар бұл дән-дақылдың қандағы қантты реттеуге, ішек жолын жақсартуға көмектесетінімен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.

Түрлі дән-дақыл жейтін адамдар уақытылы ұйықтап, жаттығу жасап, салауатты өмір салтын ұстануы мүмкін. Бұл да деменция қаупін азайтуға көмектеседі.

Бірақ зерттеу оған қатысқандарды бақылау арқылы ғана жүргізілді. Ол попкорнның нақты деменцияға ұшырау қаупін азайтудағы пайдасын дәлелдемейді. Оның үстіне ғалымдар зерттеуінде дән-дақылдың нақты түрлерін атамаған. Оған қоса попкорн да тұз, май, қант сияқты қоспалар да болатынын ескеруіміз керек.

Factcheck.kz