Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай жанартауы тарихта ең көп адам өліміне себеп болды ма?

2023 жылғы 23 желтоқсанда Facebook парақшасында Тынық мұхитының оң жақ бөлігінде орналасқан Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай жанартауының атқылаған сәтінің видеосы мен спутниктан түсірілген суреттері жарияланды.

Жазбаның сипаттамасында: “Дайын тұр! Тарихтағы ең қауіпті жанартау оянды”, – делінген.

USA Today фактчекерлері деректі тексерді.

Роликте апат туралы 2015 жылғы “Сан-Андерас” фильмінің үзінділері, нақты айтқанда, үлкен жырықтың кесірінен бұзылған, ғарыштан түсірілген Жер анимациясы мен қашып бара жатқан адамдар көрсетілген.

«Қаңтарда біздің ғаламшар таңғажайып, бірақ қорқынышты көріністің куәсі болды. Тонга маңындағы алып су асты жанартауы атқылады», – дейді әңгімелеп жатқан адам.

Хунга-Тонга-Хунга-Хаапай жанартауының атқылағаны рас. Салдарынан ол Тонга архипелагына соқтығысып, цунами тудырды. Алайда бұған дейін болған басқа жағдайлармен салыстырсақ, бұл жанартаудың атқылағанынан көп адам зардап шекпеді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл “тарихта болған ең қауіпті, көп адамның өліміне себеп болған жанартаудың атқылаған сәті” емес.

АҚШ-тың геология қызметі 2022 жылы атқылаған жанартау салдарынан қаза болған алты адам туралы айтты. Қайғылы жағдайдың төртеуі Тонга аралында, екеуі Перуде болған. Ал Смитсон жаһандық жанартау бағдарламасы бес адамның өлімін хабарлады: үшеуі Тонгада және екеуі Перуде қайтыс болған.

АҚШ-тың геология қызметінің тізіміндегі мәлімет бойынша, 1985 жылы Колумбиядағы Невадо-дель-Руис жанартауы атқылағанда көп адам – 25 мың адам қаза тапқан. Сонымен қатар 1902 жылы кішкентай Антиль аралындағы Мон-Пеле жанартауы атқылап, салдарынан 30 мың қайтыс болды.

Ғаламдық жанартау бағдарламасының аға қызметкері Эд Вентцкенің айтуынша, 2022 жылға дейін дәл осы жанартаудың атқылауына байланысты болған бірде-бір өлім тіркелмеген.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz