Экспериментке қатысқандар жасанды интеллект терапевтерге қарағанда сенімдірек деп шешті

Жасанды интеллектіге негізделген чат-бот дәрігерлерге қарағанда ауруларды дәлірек диагностикалайды және науқаспен мәтін арқылы жақсырақ байланыс құрады. Бұл туралы Google компаниясы зерттеуіне сүйеніп мәлімдеді, деп хабарлады SecurityLab.

Articulate Medical Intelligence Explorer (AMIE) деген инновация жүйесі – медициналық ақпаратты жинауға және клиникалық сұхбат жүргізуге бағдарламаланған қуатты тіл үлгісі. AMIE қолданушы жазған симптомдарға қарап, талдау жасайды, тіпті дұрыс диагноз қою үшін қосымша сұрақтар қояды.

Google компаниясы тестілеу жүргізді. Оған 20 терапевт, 20 жалған науқас қатысты. Науқастар нақты кіммен —дәрігермен немесе нейрожелімен сөйлесіп жатқанын білмеді. 149 сценарий бойынша талдау жасалды. Соңында көбі нейрожелінің қорытындысын дұрысырақ көрді.

Экспериментке қатысқандар чат-бот олардың проблемасын жақсы түсінетінін, көбірек эмпатия көрсететінін және жауаптары анық, кәсіби болғанын атап өтті. Оған себеп те бар. Чат-ботты анық дерекке сүйеніп, мәдени түрде коммуникация құратындай етіп бағдарламалауға болады.

Бір қызығы, AMIE денсаулық проблемаларын дәлірек диагностикалады. Бірақ жасанды интеллект дәрігерлерге қарағанда жақсырақ медицина көмегін береді деп те айта алмаймыз. Біріншіден, терапевтер науқастарға уақыт арнап, олармен жеке сөйлесіп, байланыс орнатады. Екіншіден, диагноз қою кезінде дәрігерлер тек мәтін сипаттамаларына емес, басқа ақпараттарға да сүйенеді. Оған қоса олар әр адамға ерекшелігіне қарай, әртүрлі ем-дом беруі мүмкін екенін ұмытпаған жөн.

Google бұл тәжірибе клиникалық жағынан нақты деп атауға келмейтінін де мойындайды.

Бұл зерттеудің мақсаты чат-боттар дәрігерлердің орнын алмастыратыны туралы емес. Авторлар медицина көмегін ала алмай жүрген адамдарға нейрон желілері көмекші құрал болады деп санайды. Дегенмен, мұндай жүйелерді нақты өмірге енгізу үшін қауіпсіздігін арттыру қажет, әлі де зерттеу керек.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz