Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

2021 жылғы қазанда ресейлік профессор Александр Редьконың вакциналау науқанына қатысты сыни мәлімдемесі бірқатар БАҚ-та тарады. Оның айтуынша, коронавирустан қайтыс болғандар саны вакциналау деңгейімен сәйкес келеді. Осылайша Редько вакциналаудың зиян екенін айтады.

Редько осындай ақпарат тарата отырып, Владислав Ласкавыйдың зерттеуіне сілтеме жасайды. Зерттеуге сәйкес Ұлыбритания, Израиль, Франция мен Ресей сияқты елдерде өлім деңгейі вакцина санына тікелей байланысты-мыс, яғни вакцина алған сайын өлім-жітім саны арта береді.

Дәрігер Редьконың мәлімдемелері әлеуметтік желі мен БАҚ-та жаппай тарап жатыр, сондықтан Factcheck.kz редакциясы оның айтқандарын тексеріп көруді жөн санады. Біз бұл дәрігердің коронавирусқа қарсы вакциналау туралы таратқан бірқатар жалған әрі манипуляциялық мәлімдемелерін жоққа шығарып үлгергенімізді де еске сала кетейік.

Қысқаша қорытынды (егер уақытыңыз аз болса):

  • Аты аталған Еуропа елдеріндегі статистика коронавирусқа қарсы вакциналау, керісінше, COVID-19 инфекциясының таралуын тежеп, өлім санын азайтуға көмектескенін көрсетеді. Қанша жерден сапасыз болса да, Ресей статистикасы соған дәлел.
  • Кей елде өлім-жітімге вакциналаудан бөлек, басқа да көптеген фактор әсер етеді. Мысалы дельта нұсқасының жылдам таралуы, шектеулерді дұрыс әрі уақытылы енгізбеу және биылғы тұмау маусымының өту ерекшелігі. Дегенмен Редько сілтеме жасаған басылымда бұл факторлардың ешқайсысы жоқ.
  • Владислав Ласкавый мен оның серіктестері өз «зерттеуінде» вакцина мен вирустың дельта нұсқасына қатысты мәліметтерді елемейді, олар әртүрлі манипуляцияларды, қате және логикаға сай келмейтін ақпаратты жинаумен айналысқан (мысалы олар өлім мен өлім-жітімді ажыратпайды). Ал мақала кіріспесі, тіпті, ғылымға қарама-қайшы мәлімдемелерден басталады. Мысалы онда вирустардың толқын (!) табиғаты туралы айтылып, «ДНҚ фантомдарына» қатысты деректер келтіріледі. Негізі Ласкавыйдың өзі – мал дәрігері. Ол шошқаға арналған коронавирус препараты негізінде COVID-19-ға қарсы дәрі ойлап тапқан.

Вакцина алғандар мен қайтыс болғандарға қатысты статистика не дейді

Статистиканы талдайтын болсақ, Еуропа елдерінде вакциналау мен өлім-жітім арасында, Редько мен Ласкавый айтқандай, ешқандай сәйкестік те, тікелей байланыс та жоқ.

Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

Мәселен 7 қарашадағы мәліметтерге сәйкес, Франция, Ұлыбритания және Израильде вакцинаны халықтың 65%-дан астамы алған. Сондай-ақ төмендегі салыстырмалы графиктен аталған елдерде өлім саны артпай, вакциналау науқаны басталғалы бері, керісінше, азайып жатқанын байқауға болады. Өткен жылғы өлім-жітім деңгейімен салыстырғанда қазір жағдай айтарлықтай жақсарған.

Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

Бұл жердегі басты ерекшелік – ресейлік статистикаға қатысты. Онда өлім саны азаймай, өсіп жатыр.

Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

Неліктен Ресейде COVID-19-дан қайтыс болғандар көбейіп жатыр?

Ресейдегі жағдай Еуропа елдерімен салыстырғанда өзгеше. Тіпті жақында бұл мемлекет COVID-19-дан күнде қайтыс болатындар саны бойынша әлемде бірінші орынға шыққаны хабарланды. Мұны қалай түсіндіруге болады? Біріншіден, Ресейде вакциналау қарқыны Еуропа елдеріне қарағанда әлдеқайда төмен. Мысалы онда қараша айының басында халықтың тек 34%-ы ресми түрде вакцина салдырған.

Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

Дамушы елдердің тұтыну нарықтарын зерттейтін Credit Suisse деректеріне сәйкес, Ресей халқы COVID-19-ға қарсы өзі жасап шығарған вакцинаға мүлдем сенбейді. Бір қызығы, бұл проблема туралы, тіпті, Орыс православие шіркеуі де айтты.

Екіншіден, Ресейдегі өлім-жітім статистикасы осылайша бірнеше рет күрт өскен. Мұндай жағдай жыл басында да, бір ай бұрын да байқалды.

Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

Сарапшылардың айтуынша, өлім санының мұндай тұрақсыздығы «пайдасыз» вакцинаға байланысты емес. Бар гәп Ресей билігінің статистикаға араласып, оны қолдан жасауында.

Биология ғылымдарының кандидаты Алексей Куприяновтың айтуынша, Ресей билігі халықты қатты қорқытпау үшін өлім-жітім статистикасын кей кезеңде «тұрақты» деп көрсеткен. Сондықтан өлім-жітім деңгейі күрт көтерілгенде, ел пандемия кезінде қайтыс болған адам саны бойынша «үздік» атанды.

Осы тұста COVID-19-дан қайтыс болғандардың өсуіне бірнеше дәлелденген себеп бар. Бұл, ең алдымен, вакцинаға төзімді әрі қатты жұқпалы «дельта» нұсқасының таралуы. Қазіргі кезде әлемнің барлық дерлік елінде вирустың дәл осы штаммы көп кездеседі.

Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

Біз бұған дейін вакцинаның жоғары тиімділігіне қарамастан, олар коронавирус инфекциясынан 100% қорғамайды деп жазған едік. Вакциналау ауруды толығымен жеңе алмайды, дегенмен ауыр жағдайлардың пайда болуына жол бермейді. Бұл әр адамның ағзасына байланысты, кей жағдайда вакцина иммун реакциясын мүлдем қалыптастыра алмай қалуы мүмкін.

Эмори университетінің биостатистика кафедрасының доценті Натали Диннің айтуынша, өлім-жітімнің айырмашылығына вакциналаудан басқа көптеген факторлар әсер етеді. Жақында Bloomberg осы тақырыпты талдап шықты. Сараптамада вакциналау деңгейі 55%-дан асқан бірқатар елдегі эпидемиологиялық жағдай келтірілді.

Авторлардың айтуынша, дельта нұсқаға дұрыс тойтарыс беру үшін халықты жаппай вакциналау аздық етеді. Себебі одан бөлек вакцина дозаларын салдыру уақытын ұзартып, егде жастағы адамдарға (ең көп қауіп төнетін топ) екпе салып, сондай-ақ ауру қозған кезде адамдардың қозғалысын уақытылы шектеп отыру қажет.

Авторлардың пікірінше, Еуропа елдері эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруіне уақтылы әрі жедел түрде жауап беріп отырды, нәтижесінде биыл бұл мемлекеттерде өлім-жітім саны көп болмады.

Сондай-ақ бұл жағдайға тұмау вирусы теріс әсер етуі мүмкін. Біз бұған дейін биыл тұмау қауіпті болатынын айтқан едік, себебі ол алғаш рет COVID-19 вирусымен бір уақытта таралады. Екі вирусты бірден жұқтырып алуға болады, ал оның зардабы өте ауыр болуы ықтимал. Сақ болудың ең тиімді әдісі – екі вирусқа қарсы вакцина алу.

Вакцина алған адамдар жиі ауырады дегенді көрсету үшін статистиканы өзгертіп отыратындар да бар. Біз бұған дейін осындай «сандар ойыны» қалай жұмыс істелетінін Израильдің мысалында көрсеткен едік.

БАҚ-тағы насихат пен Владислав Ласкавыйдың «зерттеуі»

Доктор Редьконың вакциналардың тиімсіздігі туралы мәлімдемесі жарияланған ақпарат ресурсына және оның тұжырымдамасына негіз болған құжаттың өзіне назар аударайық. «Қоғамдық жаңалықтар қызметі» Александр Редьконың мұндай жалған мәлімдемелерін бұған дейін бірнеше рет жариялаған. Мысалы ол жерде оның «Спутник V» вакцинасын салдыру – экспериментке тегін қатысумен тең» деген сөзі бар материал шыққан еді. Ал жақында сол сайтта оның тағы бір сұхбаты жарияланды. Онда ол вакциналау паспортын сатып алғандарды қорғап, билік халықтың федералды заңдарын бұзды деп айыптайды.

Бірақ ең басты мәселе – Редько сілтеме жасайтын Владислав Ласкавыйдың зерттеуі. Ол оны қандай әдіснама негізінде жасағаны түсініксіз, неге дәл осы елдер таңдалғаны да белгісіз. Егер вакциналау деңгейін қарастырғысы келсе, онда неге зерттеуде ең жоғары деңгейдегі мемлекеттер жоқ? Ол зерттеуге негіз етіп биылғы мамыр мен тамыз айының соңына дейінгі аралықтағы деректерді алады. Алайда бұл кезеңде кей елдердегі вакциналау деңгейі айтарлықтай өзгеріп кетті. Мамыр айының басында Ресей мен Франция тізімнің соңында болса, тамыз айының аяқ жағында Франция Израиль мен Ұлыбританиядан озды. Себебі ел азаматтарының 70%-дан астамы екпенің кем дегенде бір дозасын салдырған.

Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы
Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

Сондықтан халқы вакцинаны аз салдырған Ресейде өлім-жітім саны басқа елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Құжат авторларының қисынына сәйкес, вакциналаудан өтпеген Ресейдегі өлім саны Франция немесе Израильге қарағанда төмен болуы керек еді, бірақ жағдай олай емес. Ал Ласкавый мен оның қасындағы авторлар өлім-жітім мен өлім ұғымдарын шатастырып отыр. Олар өлім-жітім 116-238,5%-ға артты дейді, алайда бұл статистика басқа мәліметтер арқылы анықталады (дегенмен мәтінде өлім-жітімді дерексіз есептеудің нақты мысалын келтірген). Төменнен құжатта көрсетілген кезеңдегі вирустың өлім-жітім кестесін көруге болады (өлім-жітім жағдайларының қатынасы).

Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

Өлімнің өсуі (төмендегі кесте) вирустан болған өлім-жітімді көрсетпейді.

Жалған және манипуляция: А.Редько вакциналаудағы өлім-жітімнің артуы туралы

Сондай-ақ мақалада қолданылатын вакциналар Antibody-dependent enhancement (ADE) дейтін әсер тудыруы мүмкін екендігі айтылған. Ғалымдар бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарды.

Құжат авторлары дәл сол кезеңде коронавирустың неғұрлым контагиозды нұсқасы саналатын «дельтаның» қатты таралғанын да, аталған вакциналардың тиімділігі туралы барлық зерттеулерді де елемеген. Яғни ғалымдардың пайымынша, коронавирус инфекциясынан болатын өлім мен өлім-жітімге тек вакциналау әсер етеді. Оның үстіне зерттеу әдіснама тұрғысынан да қате жасалған. Ал құжат кіріспесінде П.Гаряевтің теориясынан алынған «ДНҚ фантомдары» және «Вирустардың толқындық табиғаты» туралы жалған ғылыми ережелер бар.

Ласкавый мен оның әріптестерінің «зерттеуі» беделді ғылыми басылымда емес, «Президент» газетінде жарияланғанына назар аударған жөн. Олардың жұмысын толыққанды зерттеу деп атайтындай олар ешқандай ғылыми тексерулерден өткен жоқ. Оны, тіпті, препринт деп атауға келмейді.

Владислав Ласкавыйдың өзі мал дәрігері. Ресейде ол «коронавирус пен басқа да ауыр ауруларды жеңуге көмектесетін дәрі ойлап таптым» деп танылған. Алайда оның дәрісі 90-шы жылдары ойлап табылған, бірақ кең таралмаған. Ласкавый дәрісін шошқаларға арналған коронавирус дәрі-дәрмегі негізінде жасаған. Адамдарға арналған ондай дәрі клиникалық сынақтардан өтпеді. Ал ол дәрі туралы ақпарат алғаш рет актриса Мария Шукшина жүргізетін дөңгелек үстелде айтылды. Ал ол бағдарлама қазір Ресейдің ең атақты антиваксерлері жиналатын жер екені баршаға мәлім.

Factcheck.kz