Манипуляция |Коронавирустың тағы бір түрі пайда болды

16 маусым күні Businessfm.kz «Пекинде «коронавирустың жаңа түрі» пайда болды» деген жаңалық жариялады. Вирусолог Ян Чжэньцюдің Хуаньцю Шибао газетіне берген сұхбатын қазақстандық БАҚ-тың көбі жазды. Оқырмандардың өтініші бойынша Factcheck.kz сұхбатта не айтылғанын және БАҚ пен әлеуметтік желідегі жазбаларда қандай қателік кеткенін тексерді.

«Эволюция процесінде вирустың инфекциялық деңгейі жоғарылап немесе әлсіреуі мүмкін. Бірақ мен Синфади базарында анықталған SARS-CoV-2 коронавирусы Уухандағы Хуанан базарындағыдан да жұқпалы деп санаймын»

БАҚ-та жазылған вирусологтың сөзі

Біріншіден, бұл коронавирустың жаңа түрі де жаңа коронавирус та емес. Көптеген БАҚ осылай жазды. Бізге белгілі SARS-Cov-2 жаңа штамм ғана. БАҚ тақырыптары оқырманды шатастыратын кликбейт екені байқалады, ал басқа басылымдарда тіпті «штамм» сөзі айтылмаған.

Екіншіден, вирусолог сөзбе-сөз бұлай айтпады және бұған дейінгі вирусқа қарағанда жұқпалы деп мәлімдемеді. Дереккөзге сілтеме жасалған хабар аударма кезінде бұрмаланған болуы мүмкін.

Global Times материалында ( «Хуаньцю шибао» газетінің сайты) былай делінген:

Ухань университетінің патогендік биология департаменті директорының орынбасары Ян Жаньцю дүйсенбі күні Global Times газетіне берген сұхбатында төрт күн ішінде аурудың 79 жағдайы тіркелгенін, Пекинде табылған коронавирус Уханда табылған штаммға қарағанда өте жұқпалы.

Вирусолог бұл жерде тек пайымдап отыр. Дәлелдер үшін көп нақты деректер керек екені сөзсіз.

Ян Пекиннен шыққан вирустың және Синфади базары мен Еуропадағы вируспен типі сәйкес келсе, Пекиннен табылған штамм Қытайға тамақ немесе Еуропадан келген адамдар арқылы жеткізілді деп болжады. Ол Пекиндегі Синьфади базарында басталған толқынды сырттан алып келді деп пайымдайды.

Вирусолог бұл тоқын вирустың жаңа түрі емес екеніне нақты түсіндірме жасады. Бірақ, жаңа штаммның шыққанына алаңдап отыр. Ян жаңа штамм COVID-19-ға қарсы препараттардың әсер етпейтініне сенімді.

Пекинде не болып жатыр және Ян Чжаньцю деген кім?

Ян Чжаньцю, Ухань университетінің патогендік биология департаменті директорының орынбасары. 35 жасында Ухань университетінің медициналық мектебінде доктор дәрежесін алған. Ухань университетінің медициналық вирусология институтының директоры. Танымал журналдарда 150-ден астам мақала жариялады.

  • Алғашқы аурулар пайда болған кезде, вирус «Синьфади» базарында арқан балықты бөлшектеу тақталарында табылды. Базар жабық. Пекин билігі базардағы жағдайға қатысы бар адамға қай жерде тұратынына қарамастан, қаладан кетуіне тыйым салынатынын айтты.
  • Пекин билігі коронавирустың өршуіне байланысты 15 маусымда қаланың барлық аумағында әскери тәртіп орнатты.
  • Global Times тілшілері Пекиндегі супермаркеттерді аралады. Олар арқан балықты сатылымда таба алмады. Теңіз өнімдері сатылатын көптеген дүкендер жабылды. Жергілікті сатып алушылар арқан балық, ет және басқа да теңіз өнімдерін сатып алуды азайтты.
  • Пекин рейстерінің 40% — ға жуығы вирус шыққаннан кейін тоқтатылды.
  • Пекинде карантин жарияланды. Билік індеттің екінші толқынын болдырмауға барынша әрекет жасап жатыр.
Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетінде журналистика мамандығы бойынша оқиды. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.