Манипуляция | Еуропа соты Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізу қылмыс деді

Францияда болған терактан кейін әлеуметтік желіде Мухаммед пайғамбар және ислам діні жайлы посттар көбейді. Желіде Адам құқығы жөніндегі Еуропа сотының пайғамбарға тіл тигізу қылмыс екені және «сөз бостандығы» ұғымына жатпайтыны айтылып жатыр. Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді.

Манипуляция | Еуропа соты Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізу қылмыс деді
Желіде тараған жазбаның скриншоты

Хабарлама: Бейсенбіде Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты (ESPCH) Ислам пайғамбарының Мұхаммедті қорлау жазаланатын қылмыс болады және “сөз бостандығы” ұғымына жатпайтыны туралы үкім шығарды. Жеті судья алқасы дерегінше, Пайғамбарға жала жабу, оны қорлау — объективті пікірдің шеңберінен шығып, қоғамда алауыздық тудырады. Сонымен бірге, діни әлемге қауіп төндіруі мүмкін.

Үкім: Манипуляция

Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты мұндай контексте мәлімдеме жасамады. Бұл жердегі жаңалық авторы манипуляцияға жол берген. Бұдан бөлек оқырманды шатастыратын ақпарат таратқан.

Мұндай сот шешімінің мәлімдемесі Австрия азаматшасының талабынан кейін айтылған еді. Бұл жердегі басты назар аударатын мәселе — жаңалықтың конткесті жазылмаған. Ал Еуропаның адам құқықы жөніндегі соты еш негізсіз пайғамбарды қорлау қылмыс екенін мәлімдемейтінін ұмытпайық.

Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты 2018 жылы Австрия азаматшасының талабынан кейін бұл мәселені қарастырған еді. Австрия азаматшасына Венада 480 еуро айыппұл салынған соң, пікір білдіру құқығының тапталғанын алға тартып, Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотқа шағымданды. Бірақ, Еуропа соты айыппұл салудың негізі бар екенін хабарлады.

Оқиға қалай басталды?

2009 жылы австриялық Е. С. (аты сот құжаттарында жасырылған) семинар кезінде Мұхаммед пайғамбардың жас қызбен үйленуін “педофилиямен” бірдей екенін айтқан. Ол Мұхаммед пайғамбар бала кезінде үйленген Айша туралы айтқан еді. 2010 жылы Австрия бас прокуратурасы қылмыстық кодекстің 283-бабына (араздықты қоздыру) сәйкес іс қозғады.

2011 жылы әйелге тағылған кейбір айыптар алынып, бірақ Австрия қылмыстық кодексінің 188-бабы (діни нанымдарды қорлау) бойынша кінәлі деп танылды. Оған сот шығындарын және 480 евро айыппұл төлеуге міндеттеді. Венадағы аймақтық сот кәмелетке толмағандармен некеге тұру педофилия емес екенін айтып, ерте орта ғасырларда тек исламда ғана емес, сонымен қатар, еуропалық билеуші ​​әулеттер арасында кең тарағанын мәлімдеді.

Кейін бұл шешімді Австрияның апелляциялық соты қолдады. Содан кейін австриялық азаматша сөз бостандығына байланысты құқығы бұзылғанын алға тартып, Еуропаның сотына жүгінді.

ECНR Австрия сотының шешімін дұрыс екенін негізге алды. Еуропаның соты адам құқықтары туралы конвенциясының 10-тармағын бұзылмады деп, шағымданушының сөздері мен әрекеті «діни әлемді бұзуға» әкелуі мүмкін деген шешім қабылдады.

convention_rus-1

Сот, сонымен бірге, өтініш берушіге осы бап бойынша ең аз айыппұл салынғанын (бапта 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған) хабарлады.

Манипуляцияны бірінші жариялаған кім?

6 қарашада Facebook-тегі “QNS 24×7” парағында контексіз пост жарияланды. Постқа 6,600-ден астам лайк басып, 1600 адам бөлісіп, 223 пікір жазды. Содан кейін хабарлама басқа елдерде, сонымен бірге, ресейлік және қазақстандық әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында жиі таралды.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот немен айналысады?

1959 жылдан бастап жұмысын бастаған адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Еуропалық конвенцияның бұзылуы туралы шағымдарға қатысты қаулы шығаруға құзыретті халықаралық сот органы. Конвенцияның бұзылуына қатысы жоқ талаптарды халықаралық сот қарастырмайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz