5-ке толдық! | 5 жылда қанша шенді мәлімдемесі тексерілді?

2022 жылдың 11 мамырында Орталық Азиядағы тұңғыш фактчекиң ресурсы — Factcheck.kz-ке 5 жыл толды. Жалған ақпарат, манипуляция және пропагандамен күресіп келе жатқан сайт осы уақыт аралығында жүздеген жалған деректі әшкереледі. Коронавирус пандемиясы өршіген тұста инфодемиямен күрес бірінші орынға шықты. Ресурс журналистері вирусқа қатысты жалған, манипуляция, кликбейт және фейк ақпараттардың, қастандық теориясының ақ-қарасын ажыратып, көлемді талдау материалдар ұсынып отырды.

Factcheck.kz сайтының тағы бір бағыты — бұқаралық тұлғалардың мәлімдемелерін талдау және олар келтірген деректің рас-өтірігін анықтау. Жалпы алғанда, 5 жыл ішінде сайт президенттен бастап қала әкімдерінің мәлімдемелерінің қаншалықты шын екенін тексерген қазақ және орыс тілдерінде 317 материал жариялаған. Одан бөлек ірілі-ұсақты басқа да шенділердің айтқан сөзіне қатысты ондаған фактчекиң форматындағы материал жарық көрген.

Ресурс тұрақты түрде медиа мен әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың қаншалықты шын екенін де тексеріп келеді. Одан бөлек, сайт бірнеше рет зерттеу материалдар да жариялады.

Factcheck.kz ресурсы барынша бейтаптықты ұстана отырып, түрлі саясаткерлердің де мәлімдемесі қаншалықты рас деген сұраққа жауап іздейді. Сайт тағы халық арасында кең тараған мифтердің қаншалықты рас екенін тексерген ондаған материал жариялады.

Біздің ең ғажап оқырмандарымыз!
5 жыл бойы бізді оқып, ақпаратымызбен бөлісіп, басымызға күн туғанда бізді қолдап, жақтағандарыңыз үшін рахмет! Біз сіздермен мақтанамыз, Сіздер бізбен мақтанарлықтай еңбек етуге тырысамыз! Бәріміз жалған ақпаратқа, фейкке, манипуляцияға, қастандық теориясына қарсы тұрайық!

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz