Фактчек | Әблязов пен Ертісбаев дебаты

Қазіргі биліктің қарсыласы Мұхтар Әблязов пен көп жылдар бойы президенттің кеңесшісі болған Ермұхамбет Ертісбаев арасындағы дебат экономика, Қытаймен қарым-қатынас, билік транзиті сынды тақырыптарды қамтыды.

Дебаттың бір бөлігі Қазақстанды Балтық елдерімен салыстыруға арналды. Бір жағынан, Балтық елдерінің өмір сүру дәрежесінің жоғарылығы мен Қазақстанда бұл көрсеткіштің төмен екендігі айтылса, екінші жағынан эстондық сүт өнімдері экспортының қауқарсыздығы мен Эстониядағы Швеция, Германия, Финляндиялық жер иелері туралы сөз қозғалды.

Біз Әблязов пен Ертісбаевтың Қазақстан, Эстония және оның көршілерінің экономикасы туралы айтқан тезистерін тексердік. (Дебат орыс тілінде өткендіктен, тезистер орыс тілінен аударлыды.)

Әблязовтың тезистері:

Бізбен бірге Кеңес Одағының құрамында болған Латвия, Эстония, Литва сынды елдер мұнайы, газы, ештеңесі жоқ болса да адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі біздікінен екі-үш есе көп

Мұхтар Әблязов

Үкім: Жалған

Әлемдік Валюта Қорының мәліметіне сенсек, Балтық елдеріндегі жан басына шаққандағы ЖІӨ (GDP per Capita) Қазақстандық көрсеткіштен орташа есеппен 18% жоғары, бірақ 2 немесе 3 есе емес.

Ел Жан басына шаққандағы ЖІӨ
Эстония 35.72 мың доллар
Латвия 31.49 мың доллар
Литва 37 мың доллар
Қазақстан 28.51 мың доллар

Эстониядағы ішкі өнім 22 мың доллар, ең төменгі жалақы бес жүз еуродан жоғары, яғни алты жүз доллар. Эстониядағы орташа жалақы 1500 доллар

Мұхтар Әблязов

Үкім: Шындық

Экономикалық тұрғыдан дамыған және дамушы елдерді бір категория бойынша салыстыру басқа сұрақ. Сонымен, факт: Дүниежүзілік Банктің мәліметінше 2018 жылғы Эстониядағы ЖІӨ 30 млрд доллар.

ЭЫДҰ (дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы) мәліметіне сенсек 2014-2018 жылдар аралығында Эстониядағы орташа жылдық жалақы 26.9 мың доллар болған. Айлық есептік көрсеткіш бойынша 2.2 мың доллар.

Эстонияның салық және шекара қызметінің ақпараты бойынша 2019 жылдың қаңтарында төменгі жалақы 540 еуроға тең болған.

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері Балтық елдерінен төмен

Мұхтар Әблязов

Үкім: Шындық

Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2019 жылдың тамыз айындағы Қазақстандағы орташа жалақы 188 032 теңге, 1 долларға 386 теңге курсы бойынша ол 487 долларға тең болады.

Ертісбаевтың тезистері

Жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Қазақстан Ресей Федерациясын басып озды

Ермұхамбет Ертісбаев

Үкім: Жалған

Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ Ресейде 30.28 мың доллар болса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 28.51 мың долларға тең болған.

Эстондықтар сүт өнімдерін made in Finland өздері көрсетеді, сол арқылы ғана Еуропа нарығына шыға алады

Ермұхамбет Ертісбаев

Үкім: Жалған

1995 жылдың 12 сәуірінде Еуроодақ пен Эстония еркін сауда туралы келісімге қол қойды. Эстониямен болған келісім өндірістік тауарлар, ауылшаруашылық, қайтаөндірілген ауылшаруашылық және балық өнімдерін еркін саудалауға мүмкіндік береді. Келісім 1995 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.

Барлық жер (Эстониядағы) немістерге, финдықтарға және шведтерге сатылған

Ермұхамбет Ертісбаев

Үкім: Жалған

«Estonian Nature Conservation 2015» жарияланған Эстонияның Қоршаған Орта агенттігінің мәліметі бойынша 2015 жылы Эстон жерінің 25% -ы ғана жекеменшікке тиесілі, 71%- мемлекеттікі, 0,73 – муниципалдық, 0,75 – көпшілік, 0,02 – аралас жекеменшік, 2,3 – тіркелмеген жекеменшік. ( 3.3 Land Ownership page 69)

Фактчек | Әблязов пен Ертісбаев дебаты

Біз дебат қатысушыларының басқа да тезистерін тексеруді жалғастырамыз, оның ішінде Қазақстандағы кәсіпкерлер саны мен олардың табысына қатысты. Байланыста болыңыз!

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz