Зеленский БҰҰ бас ассамблеясының жиынында сөз сөйлегенде зал жартылай бос болды ма?

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ-ның бас ассамблеясының 78-сессиясының пленаралық отырысына қатысқаннан кейін түрлі ақпарат тарады. Ол жартылай бос залдың алдында сөйлеген деседі (1, 2, 3, 4, 5). Бұл басқа елдердің Украинадағы соғысқа аз алаңдайтынын, Зеленскийдің батысқа сапары сәтсіз болғанын көрсетеді-міс. Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Украина президенті БҰҰ-дың бас ассамбелеясының 78-сессиясында жартылай бос залдың алдында сөз сөйледі. Көп ел конфликтіні талқылаудан шаршады, себебі бұл өз проблемасын шешуге кедергі келтіреді.

“Белтелерадиокомпанияның” жазбасы

Бұл мәселе мұхиттың ар жағындағыларды да қызықтырды.

“Зеленский сәрсенбіде БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінде де сөйлейді. Бірақ оның жайы сейсенбіде Бас ассамблеяның жартылай бос залында сөйлегенінде-ақ белгілі болды. Көптеген делегация оның сөзін – басқа лидерлердікі сияқты тыңдамауға болатын, күнделікті дисскуссияның бірі деп қабылдаған болса керек”, – деп жазды The Washington Post.

Үкім: Манипуляция

Зеленский сахнаға шыққанда Бас ассамблея залының жартылай бос болғаны рас. Дегенмен — бұл қалыпты жағдай. Сондықтан мұны “Зеленскийдің сәтсіздігі” деуге келмейді.

Толығырақ: стоп-кадрлар

Біз мұнда Зеленскийдің БҰҰ бас ассамблеясының жалпы отырысының мінберінен сөйлеген кезін талқылап отырмыз.

«Жыл сайын БҰҰ-ның штаб-пәтерінде жалпы пікірталас өтеді, оның барысында мемлекет пен үкімет басшылары қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу жолын талқылайды», – делінген ұйымның сайтында.

Украина президентінің сөйлегені бейнеленген, 11 сағатқа созылған трансляцияны БҰҰ-ның Youtube арнасынан көруге болады.

Мына нәрсені ескерген жөн: пленаралық отырыстың басында толып тұратын зал соңына қарай босай бастайды.

Трансляция қосылғаннан кейін 15 минут өткен соң, зал адамға толды. Төменде 00:16:30-да жасалған видео скриншотын жариялап отырмыз. Бұл уақытта БҰҰ-дың бас хатшысы Антониу Гуттереш сөз сөйлеп, отырыстың шымылдығын ашты. Бразилияның президенті Луис Инасиу Лула да Силва (дәстүр бойынша Бразилияның өкілдері БҰҰ-ның бас ассамбелясында бірінші болып сөйлейді), АҚШ-тың президенті Джо Байден (АҚШ өкілі де дәстүр бойынша аудитория алдына екінші болып шығады) сөйлегенде де дәл осындай картина.

Зеленский БҰҰ бас ассамблеясының жиынында сөз сөйлегенде зал жартылай бос болды ма?
БҰҰ-дың бас ассамбелясының отырысы түсірілген видеоның скриншоты. Таймкод – 16:30

02:59:14 — трансляцияның үшінші сағаты таяп қалғанда, Польша президенті Анджей Дуда мен Куба президенті Мигель Диас-Канель сөйлегенде де зал толы сияқты көрінеді. Бірақ бір ескеретін жайт бар.

Зеленский БҰҰ бас ассамблеясының жиынында сөз сөйлегенде зал жартылай бос болды ма?

Бұл кадр амфитеатр жақтан түсірілген. Бес секундтан соң, 02:59:30-да залдың сол жағы (ракурс бойынша оң жақ) көрсетіледі. Ол жерден көп бос орынды байқауға болады.

Зеленский БҰҰ бас ассамблеясының жиынында сөз сөйлегенде зал жартылай бос болды ма?
БҰҰ-дың бас ассамбелясының отырысы түсірілген видеоның скриншоты. Таймкод – 02:59:30

Оң жақтағы үшінші орындықтар қатарына назар аударыңыз. Дәл сол қатар бос тұр және залды жартылай бос етіп көрсетіп тұр. Видеодан залдың бұл бөлігі түрік лидері Режеп Тайып Ердоған сөйлегенде көрсетіледі.

Зеленский БҰҰ бас ассамблеясының жиынында сөз сөйлегенде зал жартылай бос болды ма?
БҰҰ-дың бас ассамбелясының отырысы түсірілген видеоның скриншоты. Таймкод – 03:48:39

Көпшілік арасында тараған кадрға тоқталайық: біздің скриншотта 05:28:08 таймкоды көрсетілген. Бұл кезде Зеленский сөз сөйлейді. Залдан бос орындарды байқауға болады.

Зеленский БҰҰ бас ассамблеясының жиынында сөз сөйлегенде зал жартылай бос болды ма?
БҰҰ-дың бас ассамбелясының отырысы түсірілген видеоның скриншоты. Таймкод – 05:28:08

Біз мынадай қорытындыға келдік: жиында дипломаттардың орынан тұрып кетуі – қалыпты нәрсе, бірақ делегация толық кетіп қалмай, әрқайсынан бірнеше өкіл қалады.

Бас ассамблеяның пікірталастары қалай өтеді және дипломаттар қашан кетіп қалады?

“БҰҰ залының адамға лық толып-толмайтынын” білу үшін биыл 18 қыркүйекте олардың ресми сайтына жарияланған жазбасына назар аударайық. Онда ассамблеяның пікірталасында немесе жалпы дисскуссиясында Бразилия өкілдерінің не себепті бірінші болып мінберге шығатыны түсіндірілген.

«Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен державалар Бас ассамблеяның бірінші сессиясында үстемдік етуді қаламады. Жаңа дәуір басталып жатты. Жаңа демократиялық халықаралық ұйым істей бастады, Онда бәрі тең болды. Әр штат бір ғана дауысқа ие болды. Жеңімпаздар қатарына кірмеген елдерді бірінші сөз сөйлеуге шақыру туралы шешім қабылданды. Осылайша, Бразилия спикерлер тізімінде бірінші орынға шықты», – дейді Фредерико Майер, Бразилияның БҰҰ жанындағы миссиясының аға кеңесшісі.

«Ал келесі жылы Бас ассамблеяның екінші сессиясының ашылуы қарсаңында біз БҰҰ хатшылығынан нота алдық. Онда “Бразилия жалпы саяси пікірталаста былтырғыдай бірінші болғысы келе ме?” деген сұрақ болды. Біз “иә” дедік. Содан бері біз жыл сайын БҰҰ-дан осындай нота алып отырамыз», – деп толықтырды ол.

Міне, осылайша дәстүр қалыптасқан, дегенмен бұл бізді қызықтыратын басты нәрсе емес. Бұл дәстүрді өз елінің мүддесі тұрғысынан бағалайтын Мейердің мына сөздері маңыздырақ.

“Бұл біз үшін өте маңызды. Бразилия көпжақты дипломатияға аса мән береді. Біздің сөзіміз бүкіл талқылауға реңк береді. Сондықтан мұнда айтылатын сөз – әрқашан өте мұқият дайындалатын құжат. Осы сәтте біз бүкіл әлеммен сөйлесеміз, біз назардамыз. Бірінші мәжілістегі зал да лық толы, әдетте бұлай бола бермейді“, – дейді Мейер.

Бір қызығы, Bild деген неміс басылымы Германия канцлері Олаф Шольцтың биылғы БҰҰ-да сөйлегені туралы мақала жазады. Оған «Шольц БҰҰ-дың бас ассамблеясының алдында. Біздің канцлердің не айтқаны ешкімді қызықтырмай ма?» деген тақырып пен тақырыпша қояды. Автор материалында канцлер Шольцтің сөйлеген сөзінің қысқаша мазмұнын береді және залдың неліктен бос болғанын түсіндіреді.

«Қанша біртүрлі көрінгенімен, бұл – жалпы жиналыста жиі кездесетін нәрсе. Канцлер Ангела Меркель де адам аз залда сөз сөйледі. АҚШ-тың президенті сөйлегенде ғана зал шынымен лық толы болды. Кейінгі спикерлер шыққанда зал босай бастады», – делінген Bild мақаласында.

«Байден таңғы сағат 10-да, адам лық толы кезде мінберге шықса, Шольц тек кешкі 9-да ғана сөз сөйледі. Залда ешкім қалмады деуге болады. Бірақ ешкім тікелей тыңдамаса да, БҰҰ-да айтылған нәрселер естілмей қалмайды. Елшіліктер өз офисінде отырып-ақ, жиынды тікелей эфир арқылы көре алады. Дипломаттар жазып алады, бағалайды, кейін өз елінің үкіметіне дүниежүзінде кім өзін қалай көрсеткені жөнінде ақпарат береді”, – дейді автор.

Оған қоса ол Нью-Йоркқа барған ел басшылары залда ұзақ отырмайтынын, АҚШ президенті және өздері сөйлегенде ғана отыратынын жазған. Қалған уақытта олар басқа саясаткерлермен кездесіп, әңгімелесіп, талқылайды.

БҰҰ-ның ресми сайтында барлық кездесу, жиынның трансляциясы сақталады. Оны кез келген адам көре алады.

“Жалпы пікірталас шын мәнінде пікірталас емес. Мемлекет өкілдері кезекпен сөй сөйлейді және қажет болған жағдайда жауап беруге құқылы. Олардың өздері проблема деп санайтын тақырыпты көтеруге мүмкіндігі бар”, – делінген UNRIC (БҰҰ-ның Батыс Еуропадағы аймақтық ақпараттық орталығы) сайтында.

Айта кетері, былтыр Владимир Зеленский БҰҰ-ның бас ассамбелясының отырысына онлайн қатысты. Төменде сол жиынның скриншоты тұр. Ол кезде де адам аз болған. Дегенмен “былтыр да Украинадағы соғыс көбісін қызықтырмады” деу ақылға қонымсыз.

Зеленский БҰҰ бас ассамблеясының жиынында сөз сөйлегенде зал жартылай бос болды ма?
Владимир Зеленскийдің онлайн байланысқа шығып, сөз сөйлегенінен кейінгі сәт

Қорытынды

Владимир Зеленскийдің БҰҰ-дың бас ассамблеясының жиынында жартылай бос залдың алдында сөйлегені рас. Дегенмен бұл оның сәтсіздігін, батыс елдерін Украинадағы жағдай қызықтырмайтынын білдірмейді. Себебі мұндай жиындарда залдың бос қалуы – қалыпты нәрсе.

Factcheck.kz