Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

22 наурыз күні кешке Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлға лаңкестік шабуыл жасалды. Қарулы топ «Пикник» тобының концерті басталар кезде залға басып кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Артынан ғимаратта жарылыс болып, өрт шықты. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 139 адамға жетті.

Лаңкестік шабуыл кезінде, одан кейін де оқиғаға қатысты тараған ақпараттар арасында жалған әрі дәлелденбеген мәлімдемелер де көп. Factcheck.kz редакциясы ең негізгілеріне талдау жүргізді.

Алексей Даниловтың дипфейк видеосы

Теракт туралы алғашқы хабарлар тарағаннан кейін, бірнеше сағат өткен соң кремльшіл «Пул №3» Telegram-арнасында Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов «Терактқа Украинаның қатысы бар деп мәлімдейді» деген видео пайда болды. Видеоны басқалармен қатар ресейлік тележүргізушілер Ольга Скабеева мен Руслан Осташко, «Звезда» деген белгілі патриоттық арна бөлісті.

Алайда кейінірек бұл видео дипфейк болып шықты, мұны «Пул №3» арнасы да хабарлады. «Даниловтың видеосы нейрондық желі арқылы жасалған дипфейк деп жазады. Біз бұл видеоның шынайылығын дәлелдеуге міндеттеме алмаймыз», – делінген парақшада.

Бір қызығы, telegram арналардан бөлек, дипфейк ресейлік телеарналарға жеткен сияқты. Интернетте НТВ арнасының логотипі бар фрагменттің скриншотын таба аласыз.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз
Интернеттегі НТВ логотипінің скриншоты

Видеода Данилов Украинаның «жанама» кінәсі туралы түсініксіз сөздер айтады.

«Бүгін Мәскеуде көңілді ме? Менің ойымша, өте көңілді. Оларға осындай сауық-сайранды жиі ұйымдастыратынымызға сенгім келеді. Өйткені, олар “бауырлас” адамдар, сондықтан туған-туыстарды жиі қуантып, жиі барып тұру керек. Біз енді жиі барып тұрамыз».

Видеоның соншалықты кең тарағаны таң қалдырады, өйткені видеоның жылдамдығын арттырып көрген кезде Даниловтың табиғи емес мимикасын және сөзі мен ауызы сәйкес келмейтінін байқауға болады. Бұл Украинаның жалған ақпаратқа қарсы орталығы хабарлағандай, сапасыз дипфейк.

«Факти» украиндық ресурсы «Біз – Украинамыз» ақпараттық арнасының 2024 жылғы 16 наурызда жазылған эфирдің фрагменті фейк жасауға пайдаланылғанын анықтаған. Түпнұсқада жүргізушілермен Данилов емес, Кирилл Буданов сөйлескенін көруге болады.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

Жалған бағдарлар

Терактіден кейін көп ұзамай көптеген паблик пен БАҚ күдіктілердің мәліметтері туралы алғашқы ақпарат таратты. Ақпарат қауіпсіздік күштеріне жақын ВЧК-ОГПУ арнасына сілтеме жасай отырып пайда болды. Арнадағы жазбаның өзі өшірілген.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

Кейінірек белгілі болғандай, ВЧК-ОГПУ деректері өзекті болмай шықты. Ресей ІІМ-не тиесілі «Ресей киберполициясының хабаршысы» telegram-арнасының хабарлауынша, аталған тұлғаларды «биыл наурыз айында антитеррорлық операция кезінде құқық қорғау органдары өлтірген».

Содан кейін тағы бір бағыт Mash және Baza ірі telegram-арналарында пайда болып, желіге тарап кеткен.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз
Тelegram-арнаның скриншоты

Алайда бұл ақпараттың өзі нанымды болмай шықты. Әлеуметтік желілерде пайда болған тізімнің кем дегенде үшеуінде алиби бар, делінген хабарламада.

Елдің ішкі істер министрлігі үш күдікті «Тәжікстан азаматы» деген хабарламаға жауап берді. Министрлік Исмонов Ривочиддин мен Насриддинов Махмадрасулдың былтырдан бері Тәжікстанда болғанын, сондықтан олардың қылмысқа еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша (1, 2), Рустам Назаров та терактіге өзінің қатысы жоқтығын мәлімдеп, құқық қорғау органдарына өзі барған. Ер адам Самарада тұрады және 22 наурызда отбасымен бірге үйінде болған.

Оның үстіне, күдіктілер мінген көлік ұсталған соң, күдіктілер туралы интернетте тараған ақпаратпен сәйкес келмеді.

23 наурызда ФСБ 11 адамның, оның ішінде терактіге күдікті төрт адамның ұсталғанын хабарлады. 24 наурыз күні кешке Мәскеудің Басман аудандық сотында алғашқы отырысы өтіп, нәтижесінде Далержон Мирзоев, Саидакрами Рачабализода, Шамсутдин Фаридуни және Мухаммадсобир Файзов 2024 жылғы 22 мамырға дейін қамауға алынды.

Артынша тағы төрт адам ұсталды: ұсталғандар мінген ақ түсті Рено көлігінің соңғы иесі Диловар Исломов; Диловар Исломовтың әкесі – Исроил Исломов; Диловар Исломовтың ағасы – Аминжон Исломов; және Әлішер Касимов, алдын ала мәлімет бойынша, айыпталушылардың бірі Шамсутдин Фаридуниге пәтер жалдап берген.

Рустам Әжиев

X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде арнайы қызмет ұсталғандардың арасында «Украина азаматы Рустам Әжиев» (1, 2, 3) бар деген хабарлама (1, 2, 3, 4, 5, 6) тарады. Дәлел ретінде қолданушылар Әжиевтің суреттері мен күдіктілердің бірі ұсталған жеріндегі фотосуреттер мен видеоларды жариялаған.

Алайда ұсталған азаматтың суретін Рустам Әжиевтің фотосымен салыстырған кезде бұл мүлдем екі бөлек адам екені анық байқалады. Танымал онлайн аналитик @DefMon3 ең алдымен құлақтың әртүрлі пішініне назар аударуға кеңес береді, өйткені бұл адамды анықтаудың ең сенімді әдістерінің бірі. Артынша ұсталған адам Далержон Мирзоев екені белгілі болды.

X әлеуметтік желісінде тағы бір жалған ақпарат толқынын туыдырған 1 миллионнан астам жазылушысы бар танымал @MarioNawfal қолданушысының жазбасы болды.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

Науфал қазір твитті өшіріп, ақпаратты теріске шығарды, бірақ жалған ақпараттың тарауына тосқауыл бола алмады.

Украинаға апаратын жол

ФСБ мәліметінше, күдіктілер Брянск облысында ұсталған. Ведомствоның хабарлауынша, «қылмыскерлер Ресей-Украина шекарасын кесіп өтпек болған және Украина жағында тиісті байланыстар болған». Владимир Путин де дәл осылай деді.

Алайда бұл мәлімдемеде жеткілікті дәлел жоқ. Көліктің ұсталған жеріне және күдіктілерді ұстауға қатысты көптеген қарама-қайшы ақпарат бар. М-3 «Украина» тас жолында күдікті қылмыскерлердің болуын растайтын ықтимал дәлелдің бірі – олардың біреуінің ұсталғаны түсірілген видео. GeoConfirmed тобының еріктісі атыс болды деп болжанған жердің координаттарын анықтады – 53.079839, 34.554634 – бұл шамамен М-3 тас жолының 14-шақырымы. Көліктің орналасқан жеріне келсек, оны қолда бар фотосуреттерден анықтау өте қиын. Factcheck.kz сайтында оны дәл сол тас жолда тоқтатқан деген болжам бар. Дегенмен, бұл күдіктілердің ниеті мен байланысы туралы мәлімдеменің тікелей дәлелі бола алмайды.

Брянск облысы тек Украинамен ғана емес, Беларусьпен де шектесетіні белгілі. Бір қызығы, әуелі желіде қылмыскерлер қашып кетпек болған Renault Symbol көлігі Тёплый ауылының маңында ұсталды деген хабарлама тарады. Көлікте алты күдікті болған, оның төртеуі қашып кеткен.

Тёплый елді мекені Беларусь шекарасына жақын орналасқан.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

Сондай-ақ Ресейдегі Беларусь елшісі Дмитрий Крутойдың айтуынша, Беларусь елінің арнайы қызметі Ресейге лаңкестердің «ортақ шекарадан қашып кетуіне» жол бермеуге көмектескен.

Кешеден бері арнайы қызметтер арқылы белсенді ынтымақтастық жүргізілуде. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшысы әріптесімен тікелей байланыста. Ал шын мәнінде, кешегі түннің басты міндеті террористердің ортақ шекарамыздан өтіп кетуіне жол бермеу болды. Бұл тапсырма орындалды. Жоғары қауіпсіздік шаралары енгізілді.

Дмитрий Крутой, Ресейдегі Беларусь елшісі

Алайда, бір сағаттан сәл астам уақыттан кейін Ресей мемлекеттік думасының депутаты Александр Хинштейн, алдын ала мәлімет бойынша, көлік Хацун ауылы маңында табылғанын хабарлады. Елді мекен М-3 «Украина» тас жолының жанында орналасқан және онымен Тёплый арасындағы қашықтық шамамен 200 шақырым.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

Кейін желіде соғылған Renault Symbol көлігінің суреті пайда болды. Кейінірек БАҚ-та айтылғандай, көлік Киев тас жолының 376-шақырымында ұсталды.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

Бұл фотода көзге түсетін белгілер жол жиегіндегі көліктің артында жалпы фоннан ерекшеленетін қарағай, сондай-ақ оның оң жағындағы кішкентай шырша болуы мүмкін.

Google карталарын пайдалана отырып, 375 және 376 шақырым аралығында біз фотодағыға өте ұқсас қарағай ағашын табамыз. Салыстыру кезінде ең соңғы Google суреті 2018 жылы жазда түсірілгені қиындық тудырады, сондықтан қарағай басқа ағаштардың фонынан онша ерекшеленбейді, ал жақын маңдағы шырша мүлде көрінбейді.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

Яндекс карталарында әлдеқайда жаңа деректер бар. Мысалы, төмендегі сурет 2021 жылғы 1 ақпанда түсірілген және ондағы қарағайды да, жақын жерде тұрған шыршаны да көруге болады.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

Олардың «Известия» репортажында да жылт еткенін байқаймыз.

Крокус Сити Холлдағы теракт: жалған және дәлелденбеген мәлімдемелерді талдаймыз

Содан кейін әлеуметтік желіде күдікті Саидакрами Рачабализоданың ұстаған кезде түсірілген видео пайда болды. @GeoConfirmed тобының еріктісі видео негізінде түсірілім орнының ықтимал координаттарын анықтады – 53.079839, 34.554634, – бұл М-3 «Украина» тас жолының шамамен 14шақырымына сәйкес келеді. Кейбір мәліметтер шынымен ұқсас. Бұл ретте ер адамды орман белдеуі жағынан алып барады, оның түсірілім орнына қайдан алып келгенін нақты айта алмаймыз.

Осылайша, көліктің Киев тас жолында болды ма, әлде қуғын кезінде сонда келіп тоқтады ма, белгісіз; күдіктілер Тёплый ауылының аумағында болды ма, әлде бұл ақпарат өтірік пе; Ресейдегі Беларус елшісі ортақ шекарадан қашу туралы айтқанда не айтқысы келді; машина шынымен Украинаға қарай әдейі жүрді ме, әлде ең оңтайлы бағытта қашуға тырысты ма. Бұл сұрақтарға жауаптың жоқтығынан, сондай-ақ жалпы ақпараттың болмауынан Украина туралы нұсқаны ойға қонымды деп айта алмаймыз.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz