ЕАЭО елдері арасында ең арзан бензин Қазақстанда ма?

Кейінгі күндері түрлі сайттарда “ЕАЭО елдері арасында ең арзан бензин – Қазақстанда” деген тақырыпта ақпарат тарап жүр (1, 2, 3, 4). Ақпаратқа сай, Қазақстан бензині 2023 жылы 13,7%-ке қымбаттаса да ЕАЭО елдері арасында ең арзаны саналады. Ал Армениялық бензин Қазақстаннан 3 есе қымбат. Аталған дерек рас па, Factcheck.kz тексеріп көрді.

@sputnikkz_ В Казахстане самый дешевый бензин среди стран ЕАЭС Средние цены на рынке за декабрь 2023 года опубликовала Евразийская экономическая комиссия. #казахстансегодня #бензин #еаэс ♬ оригинальный звук – sputnikkz_

Қазақстанда бензин бағасы 2023 жылы желтоқсанда 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ке өскен.

Сайттардағы ақпарат

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылы желтоқсанда 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда бензин бағасы 13,7%-ке өскен. Мысалы 2022 жылы желтоқсанда АИ-92 179 теңге болса, 2023 жылы желтоқсанда 203 теңгеге жеткен. Ал АИ-95 маркасы 212 теңгеден 254-ке көтерілген.

ЕАЭО елдері арасында ең арзан бензин Қазақстанда, одан кейін Ресейде.

Сайттардағы ақпарат

Үкім: Шындық

Қазақстандық АИ-92 бензині расымен де ЕАЭО елдері арасында ең арзан саналады. Әр мемлекеттің статистикалық сайттарына үңіліп, 2023 жылдың желтоқсан айындағы бензин бағасын салыстырып көрдік. Қазақстан бензинінің бағасы долларға шаққанда – 0,45$ болды. Одан кейін Ресейлік бензин – 0,55$, Белорусь бензині – 0,70$, Қырғызстан – 0,71$ болса, ең қымбат Армения бензині – 1,33$-ға жетті.

Дүниежүзілік банктің ең кейінгі 2016 жылғы дерегіне сай, Қазақстандық бензин әлемде ең арзан саналатын алғашқы 12 мемлекеттің ішіне кіреді. Алайда бензині қымбат саналатын Еуропа елдерінде орташа жалақы жоғары екенін ұмытпаған жөн.

Қазақстанның қай өңірінде бензин арзан?

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы қаңтардағы дерек бойынша ең арзан бензин Оралда, 1 литр – 190 тг. Одан кейін Шымкент пен Атырауда 191 тг тұрады. Толығырақ төмендегі инфографикадан көре аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz